Жұма, 12 Желтоқсан 2025
Жаңалықтар 229 0 пікір 11 Желтоқсан, 2025 сағат 15:38

Киіз үй жасау дәстүрі ЮНЕСКО-ның мәдени мұрасына енді

Сурет: Sputnik / Владимир Пирогов.

ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасына Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан (Қарақалпақстан) халықтарының киіз үй жасау дәстүрі енді.

Бұл дәстүр ұлттық мәдениетті бейнелейтін символ ретінде ғасырлар бойы шеберден шәкіртке беріліп, ұрпақ сабақтастығын сақтаған. Номинация алғаш 2014 жылы ұсынылған, кейін үш ел бірлесіп кеңейтіп, қорғауға қол жеткізді.

Биыл комитет 68 номинацияны қарады, ал халықаралық тізімде 153 елден 812 элемент бар.

Abai.kz

0 пікір