Бейсенбі, 11 Желтоқсан 2025
Жаңалықтар 1098 0 пікір 11 Желтоқсан, 2025 сағат 16:05

Бұрынғы вице-министрі Әділбек Сәрсембаев ұсталды

Сурет: Адырна телеграм арнасынан алынды.

Астанада Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бұрынғы вице-министрі Әділбек Сәрсембаев ұсталды.

Ол Қылмыстық кодекстің 361-бабы («Өкілеттіктерін теріс пайдалану») бойынша тергеліп жатыр. Тергеу нұсқасы бойынша, Сәрсембаев әскери техникаға қосалқы бөлшектер сатып алу кезінде тиісті біліктілігі жоқ KAZYTEC компаниясын заңсыз жеткізуші ретінде бекітуге ықпал еткен.

Бұл схема нәтижесінде мемлекетке 600 млн теңге залал келгені айтылуда. Сондай-ақ Сәрсембаевтың 12 желтоқсанда Қазақстаннан БАӘ-ге ұшып кетуді жоспарлағаны, бірақ ұсталғаны хабарланды. Қазір оған қатысты бұлтартпау шарасы қаралып жатыр. Ресми органдар әзірге мәлімдеме жасаған жоқ.

Abai.kz

0 пікір