Сейсенбі, 30 Желтоқсан 2025
Анық-қанығы 213 0 пікір 30 Желтоқсан, 2025 сағат 15:08

«Білім туралы» заңға оның қағидаты сәйкес жасалмаған!

Суреттер: abai.kz, nur.kz сайттарынан алынды.

ҚР Оқу-ағарту министрі 
Ж.Д. Сүлейменоваға!

Құрметті Жұлдыз Досбергенқызы!

Бірінші:

«БІЛІМ ТУРАЛЫ»
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Заңы.
66-бап. Шет елдегі қазақ диаспорасының білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру

  1. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдардың Қазақстан Республикасында білім алуға құқығы бар.
  1. Мемлекет шет елдегі қазақ диаспорасының білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға жәрдемдеседі.
  1. Шет елдегі қазақ диаспорасы үшін білім беру ұйымдарын құру және оған қаржылық-материалдық көмек көрсету халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Ескерту:

Бұл өте жақсы норма, қазір қолданыста тұр...

Екінші:

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТҰРАҚТЫ ТҰРАТЫН ШЕТЕЛДІКТЕРДІҢ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҒЫ ЖОҚ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МЕКТЕПАЛДЫ, БАСТАУЫШ, НЕГІЗГІ ОРТА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ АЛУ ЕРЕЖЕСІН БЕКІТУ ТУРАЛЫ»

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі 468 Бұйрығы.

2-тарау. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасына келгендердің мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу тәртібі

  1. 16 жасқа дейінгі балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар өз баласын білім беру ұйымдарын анықтау барысында облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) білім басқармаларына өтініш жасайды және Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға құқық берілген құжатты ұсынады:

шетелдік - шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;      

азаматтығы жоқ тұлға - азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;

босқын - босқынның куәлігі;

паналатуды іздеуші тұлға - паналатуды іздеуші тұлғаның куәлігі;

қандас – қандас куәлігі.

Министр Б. Жұмағұлов

Ескерту:

Мұнда – Білім және ғылым министрінің №468 Бұйрығында «Қандас» деген ұғым алынған.

Ал, «Білім туралы» заңның 66-бабынының 1 тармағында  «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар» деп жазылған.

«Қандас» пен ««Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар» мүлде екі басқа ұғымдар.

Демек, Бұйрық Заңға сәйкес жасалмаған!

Үшінші:

«Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерін және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарын қоспағанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығы. 

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев

Ескерту:

Аталған №564 бұйрықта «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңының 66-бабындағы Шет елдегі қазақ диаспорасының білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру туралы үш норма мүлде ескерілмеген...

Нақтылап айтсақ, аталған «Білім туралы» заңға сай, Қазақстан Республикасынан білім алу мақсатында келген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдардың құқығы шетеліп отыр...

Төртінші:

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ»
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы.
25-бап. Баланың ата-анасымен бiрге тұру құқығы

  1. Баланың өз ата-анасымен немесе басқа да заңды өкілдерiмен бiрге тұруға құқығы бар.

Ата-анасы түсінікті, сонда заңды өкілдерi деген кімдер?

Енді 1-баптың 6) тармағына қараңыз:

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

6) баланың заңды өкілдері – ата-аналар (ата-ана), бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-ана (баланы қабылдайтын ата-аналар), баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиеші (баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілер), патронат тәрбиеші және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, БІЛІМ, тәрбие беруді, оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын олардың орнындағы басқа да адамдар;

Осы 1-баптың 6) тармақшасының «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, БІЛІМ, тәрбие беруді, оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын олардың орнындағы басқа да адамдар;» деген бөлігі жоғарыдағы «Білім туралы» заңның 66-бабынының «1. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдардың Қазақстан Республикасында білім алуға құқығы бардеген нормасына қаратылғаны анық.

Демек, бұл – Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар шетелде тұрып Қазақстан Республикасынан білім алғысы келетін балаларын басқа да заңды өкілдерiне «Сенімхат» беру арқылы оқытуына болады деген сөз...

Ұсыныс

Құрметті Жұлдыз Досбергенқызы!

Қазіргі тағда қолданыста тұрған Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі №468 Бұйрығы мен 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығын «Білім туралы» Заңына СӘЙКЕСТЕНДІРУ үшін, аталған екі Бұйрыққа «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар және (немесе) олардың сенімді өкілдері 16 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдардың білім беру ұйымдарын анықтау барысында облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) МЕКТЕПТЕРІНЕ өтініш жасайды және келесі құжаттарды тапсырады», - деген жаңа толықтыру енгізілуді ұсынамын.

Келесі құжаттар мынау:

- Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын 16 жасқа дейінгі ұлты қазақ адамдардың ұлтын анықтайтын құжат;

- Ат-анансының біреуі Қазақстан Республикасында тұрақты тіркеуде тұрмайтын болса, оның жазбаша келісімі;

- Ата-анансының екеуі де Қазақстан Республикасында тұрақты тіркеуде тұрмайтын болса, олардың Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын туыстарына берген сенімхаты;

- Сенімхат иесінің баланың өмірі мен қауіпсіздігіне байланысты жауапкершілікті өзіне алғаны туралы мектеп директорымен келісімі.

Сондай-ақ,  №468 және №564 бұйрыққа (Қағидатқа) «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға» арнап, арнайы жаңа қосымшалар енгізілуі қажет.

Сонымен бірге, осы норма аталған екі Бұйрыққа енген жағдайда,  №468 Бұйрықтың өзге тармақтарындағы «қандастар» деген сөз алынып тасталуы керек.

Сіздің осы ұсыныстың келесі оқу жылына қалмай жүзеге асуына ықпал етуіңізді сұраймын!

Құрметпен,

Ауыт Мұқибек,

«Ерен еңбегі үшін» медальының, «Құрмет» орденінің иегері 

Abai.kz

0 пікір