Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4009 0 пікір 5 Қаңтар, 2026 сағат 14:45

2026 жыл: Зейнетақы, жалақы мен АЕК мөлшері өзгереді

Сурет: baq.kz сайтынан алынды.

Елімізде «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң күшіне енді. Бүгіннен бастап бірқатар төлем мөлшері өзгереді.

Құжатқа сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап негізгі есептік көрсеткіштердің мөлшері белгіленді.

Атап айтқанда:

  • ең төменгі жалақы мөлшері – 85 000 теңге (өзгеріссіз);
  • айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 325 теңге (2025 жылы – 3 932 теңге);
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 35 596 теңге (2025 жылы – 32 360 теңге);
  • ең төменгі зейнетақы мөлшері – 69 049 теңге (2025 жылы – 62 771 теңге);
  • күнкөріс минимумы – 50 851 теңге (2025 жылы – 46 228 теңге).

Заңда жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен еңбек сіңірген жылдары үшін тағайындалатын зейнетақы төлемдеріне бөлінетін қаражат 10 пайызға арттыруды ескере отырып қарастырылғаны көрсетілген.

Сондай-ақ мемлекет тарапынан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне аударылатын жарналар мөлшері есептеу объектісінің 2 пайызы деңгейінде белгіленді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1016
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2559
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 710
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 676