Сенбі, 10 Қаңтар 2026
Жаңалықтар 187 0 пікір 9 Қаңтар, 2026 сағат 16:17

Тотақановтар ісі бойынша сот үкімі шықты

Сурет: Адырна сайтынан алынды.

Олар «аса ірі көлемдегі алаяқтық» және «ақшаны жылыстату» баптары бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот шешімімен ерлі-зайыптыға 10 жыл бойы қайырымдылықпен айналысуға және қаражат жинауға тыйым салынды. Кәмелетке толмаған баласы бар әйелдің жазасы 2 жылға кейінге қалдырылды.

Тергеу барысында олардың шоттарына 2,2 млрд теңге түскені анықталды. Оның тек 6,4 млн теңгесі ғана баланың еміне жұмсалып, қалған қаражат жеке қажеттіліктеріне пайдаланылған.

Abai.kz

0 пікір