Жексенбі, 25 Қазан 2026
Жаңалықтар 1269 0 пікір 13 Қаңтар, 2026 сағат 14:25

КТК-ға шабуыл: Мұнай экспорты 45% төмендеді

Сурет: egemen.kz сайтынан алынды.

2026 жылдың қаңтарында Қазақстан мұнайының сыртқы нарыққа экспорты күрт қысқарды.

Bloomberg агенттігінің дерегінше, Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы жеткізу көлемі жоспардан шамамен 45 пайызға азайған.

Бұған қолайсыз ауа райы, жөндеу жұмыстарының созылуы және дрон шабуылдарының салдары әсер еткен.

Трейдерлердің айтуынша, қаңтар айында CPC Blend маркалы мұнайдың тәуліктік экспорты 800–900 мың баррель деңгейінде болады. Ал жоспарланған 45 партияның кемінде 21-і тоқтатылған. Ұсыныстың азаюы бағаға ықпал етіп, қазақстандық мұнай бір жылда алғаш рет премиямен сатылып отыр. Мәмілелер Dated Brent эталонына барреліне 1,2 доллар үстемемен жасалған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1198
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1668