Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1261 0 пікір 15 Қаңтар, 2026 сағат 15:30

Зейнетақы жинағындағы ақшаны емделуге жұмсау уақытша тоқтатылды

Сурет: Kazlenta.kz сайтынан алынды.

Елімізде азаматтардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражатын емделуге пайдалану мүмкіндігі алдағы алты айға уақытша тоқтатылды. 

Бұл туралы "Отбасы банк" басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова мәлімдеді.

Оның айтуынша, соңғы уақытта радиохирургиялық қызметке қатысты өтінімдер саны күрт көбейген. Егер бұрын мұндай өтініштер айына оннан аспайтын болса, биыл қаңтар айында олардың саны жеті мыңға дейін жеткен.

Жүргізілген тексеріс барысында бірқатар медициналық ұйымдарда қажетті құрал-жабдық пен білікті мамандардың жоқ екені белгілі болған. Сонымен қатар бір клиника көрсетілген мекенжайда мүлде тіркелмеген болып шыққан.

Қазіргі таңда заңсыз әрекеттердің алдын алу бағытында тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1052
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2599
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 737
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 700