Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 104 0 пікір 7 Қыркүйек, 2026 сағат 17:12

Қытайға кірудің талаптары өзгерді...

Сурет: ЖИ арқылы жасалған / qaz.ulysmedia.kz.

Қазақстандықтарға Қытайға сапарлаудың жаңа ережелері туралы ескертілді...

2026 жылдың 15 қыркүйегінен бастап Қытайда елге кіру және шығу ережелері өзгереді.

FlyArystan авиакомпаниясы хабарлағандай, жаңа ережелер күшіне енгеннен кейін иммиграциялық бақылаудан өту кезінде құжаттарды тексеру процедуралары көбірек уақыт алуы мүмкін. Авиатасымалдаушы жолаушыларға әуежайға ұшу уақытынан кемінде үш сағат бұрын келуді ұсынады. Паспорттық және иммиграциялық бақылаудан өту үшін қосымша уақыт қарастырған жөн.

Сонымен бірге Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим өз күшінде қала береді. Қазақстан азаматтары бір сапар шегінде ҚХР аумағында визасыз 30 күнтізбелік күнге дейін бола алады.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандықтар Қытаймен шекарада сақал қойған ер адамдарды кері қайтара бастағанын немесе елге кірер алдында сақалын қыруды өтінгенін айтқан болатын. Олардың сөзінше, мұндай тексерулерге «Қорғас» өткізу пункті аумағында тап болған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 956
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2457
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 658
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 638