Бейсенбі, 15 Қаңтар 2026
Әне, көрдің бе? 747 0 пікір 15 Қаңтар, 2026 сағат 23:28

Республикалық бюджетке қосу керек: «Самұрық-Қазына» өзгеше бір әлем бе?

Суреттер: forbes.kz, wikipedia.org, bizmedia.kz сайттарынан алынды.

«САМҰРЫҚ‑ҚАЗЫНА» ҚОРЫ НЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС, НЕ ЖЕКЕМЕНШІК ЕМЕС ӨЗГЕШЕ БІР ӘЛЕМ БЕ?

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев сәрсенбі, 14 қаңтар күні палатаның пленарлық отырысының үзілісінде журналистердің «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы үш жыл ішінде дерлік миллиардер атануына қалай қарайсыз?» деген сұрағына былай деп жауап берді:

– Бұған дейін Нұрлан Жақыпов өзінің кірістері туралы декларациясын жариялап, 2022–2024 жылдар аралығында 806 млн теңге табыс тапқанын көрсеткен еді. Әрине, егер бұл жеке компания болса, мұндай табыс еш күмән туғызбас еді. Бізде елімізде Илон Маск сияқты табысты кәсіпкердің барына қуанып, мақтанар едік. Ал адам мемлекеттік ресурстың басында отырып, осындай табыс тапса — әрине, бұл сұрақ тудырады», — деді Азат Перуашев.

Осылай деп, депутат қор басшысы Нұрлан Жақыповтың үш жылда миллиардқа жуық табыс алғанына наразы екенін білдірді. Әрине, депутат тарапынан айтылған бұл наразылық «Нұрлан Жақыпов мырзаның «жеке бюджетін талқылауы» деген сөз емес екені бәрімізге белгілі – депутат бұл мәселенің «мемлекеттік мәселе» болуы тиіс екендігіне назар аударып отыр.

Негізі, депуттатың ойының логикасын түсіну үшін «Самұрық‑Қазына» қорының құрылу тарихы мен мақсатын оқырмандарға еске сала кету қажет екенін ұғып, ашық ақпараттарға көз салдық:

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры 2008 жылы Қазақстан Республикасының сол кездегі Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен құрылды. Бұл ұйым ұлттық компаниялар мен даму институттарын біріктіру және олардың тиімді басқарылуын қамтамасыз ету үшін қызмет етеді. Ол екі бөлек қор — «Самұқ» (Samruk) және «Қазына» (Kazyna) — бірігуі нәтижесінде пайда болды.

Құрылған мақсаты:

– мемлекеттік активтерді тиімді басқару арқылы олардың ұзақ мерзімді құнын арттыру;

– ұлттық экономиканың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін күшейту;

– инвестиция тарту мен инновациялар дамуына жағдай жасау;

– Қазақстан экономикасының маңызды салаларын дамыту және әртараптандыру.

Қор – коммерциялық құрылым ретінде инвестициялық холдинг функциясын атқарады және оның бірегей акционері — Қазақстан Республикасы Үкіметі.

Бұл деректер неге меңзеп тұр?

а) Қордың бірегей акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі деп атап көрсетілгендей, оның мақсаты Ұлттық (мемлекеттік) мүддеге жұмыс жасау болып табылады.

ә) Қор оның басшыларының пайда табатын жеке бизнес құрылымына жатпайды.

б) Қор басшылығын Үкімет тағайындайды және ондағы қызметкерлердің жалақы мөлшері ҚР Еңбек туралы заңнамаларына сай тағайындалады. Ал,  сыйақы мөлшері де соған сай болады.

Депутат мынаған назар аударды:

Бірақ, «Самұрық-Қазына» қоры мен басқа да квазимемлекеттік құрылымдардың бюджеттері Парламент қарайтын республикалық бюджет құрамына енгізілмеген.

«Қазіргі таңда Бюджет кодексі аясында квазимемлекеттік компаниялардың есеп беруі жөнінде талап бар. Біз олардың бюджеттерін қараймыз, алайда, өкінішке қарай, сол бюджеттерді және олар бойынша есептерді бекітуге құзыретіміз жоқ. Біз тек есептерді аламыз», — деді депутат.

Сондықтан, ол: «Парламент депутаттарына квазимемлекеттік компаниялардың толық есептілігін алу және олардың қызметін бақылау үшін қосымша өкілеттіктер беру қажет», - деген талапты қойды.

Сөйтіп, депутат өз сөзінде «Самұрық‑Қазіна» қорының бюджетін парламент алдында есеп беруге тиісті республикалық бюджет құрамына қосуды талап ететінін атап өтті.

Енді, сөз соңында оқырмандардың есіне «Самұрық‑Қазына» қорын кімдер басқарғанын және Нұрлан Жақыповтың табысы туралы берген есебін еске сала кетуді жөн көрдік:

Алғашқы бастамашы: Қазақстанның бірінші Президенті Нұрсұлтан Назарбаев — құрылуын бекіткен және стратегиялық бағыттарды айқындаған тұлға.

Бақытжан Сағынтаев — бұрын басқарма төрағасы болған (кейін премьер-министр.

Өмірзақ Шөкеев — басқарма төрағасы және бас атқарушы директор ретінде қызмет атқарған. (Премьер‑министр болды)

Ахметжан Есімов — бұрынғы басқарма төрағасы, қазақстандық саясатшы және бұрынғы вице-премьер.

Нұрлан Жақыпов — қазіргі заманғы басқарма төрағаларының бірі, Президентпен кездесуде қордың басым бағыттары туралы баяндады. (Сұрақ: Нұрлан Жақыпов премьер ‑ министр бола ма?)

«Самұрық‑Қазіна» АҚ жауапты тұлғаларының табысы туралы анықтама:

Abai.kz

0 пікір