Сейсенбі, 20 Қаңтар 2026
Жаңалықтар 158 0 пікір 20 Қаңтар, 2026 сағат 17:29

Вице-президент қандай міндеттерді атқарады?

Сурет: akorda.kz сайтынан алынды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда вице-президент қызметін енгізуді ұсынды. Сонымен қатар оның міндеттерін де қысқаша атап өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жаңа қызмет Конституцияда бекітіледі. Вице-президентті Президент Парламенттің келісімімен тағайындайды. Ал оның өкілеттігі мен атқаратын жұмысы Мемлекет басшысы арқылы айқындалады.

Вице-президенттің негізгі міндеттері мыналар болмақ:

Қазақстанды халықаралық форумдар мен келіссөздерде таныстыру;

шетелдік делегациялармен кездесіп, ресми келіссөздер жүргізу;

Парламентте Президенттің атынан сөз сөйлеу;

ішкі және сыртқы қоғамдық, саяси, ғылыми ұйымдармен байланыс орнату;

Президент жүктейтін өзге де тапсырмаларды орындау.

Осы өзгерістерге байланысты бірқатар құрылымдар алынып тасталады. Атап айтқанда, мемлекеттік кеңесші лауазымы жойылады, Парламент аппараты мен Президент Әкімшілігінің кейбір бөлімдерінің қызметі қайта қаралады.
Президенттің айтуынша, бұл бастама басқару жүйесін ықшамдап, шешім қабылдауды жеделдетуге бағытталған.

Abai.kz

0 пікір