Бейсенбі, 3 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1769 0 пікір 23 Қаңтар, 2026 сағат 16:02

Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жолдардағы апат деңгейін төмендету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 23-25 қаңтар аралығында республика аумағында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шара өтеді.

Аталған іс-шараның мақсаты — жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және елдегі заңдылықты нығайту.

Іс-шара аясында полиция қызметкерлері басқа да құзыретті органдармен бірлесіп, еліміздің жолдарында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, құқық бұзушылықтарды анықтайды.

Сондай-ақ халықпен, әсіресе жасөспірімдер мен жастармен түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізеді.

Жолаушыларды тасымалдау кезіндегі жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жалған немесе мемлекеттік нөмірі жоқ көліктерді басқаратын азаматтарды анықтауға және қауіпті жүргізушілерге басым назар аударылады.

Сонымен қатар жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауын, ауа райының нашарлауы кезінде жолға шығу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауын бақылау қамтамасыз етіледі.

Ішкі істер министрлігі елді мекендерде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 493
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1815
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 463
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 434