Бейсенбі, 29 Қаңтар 2026
Жаңалықтар 119 0 пікір 29 Қаңтар, 2026 сағат 14:59

Ресей басшысы Путин Сирия президентімен кездесті

Сурет: Коммерсант сайтынан алынды

Кездесу Мәскеуде өтті.

Келіссөздер Ресейдің Сириядағы, соның ішінде әскери ықпалын сақтап қалуға ұмтылған кезеңде өтіп жатыр. 

Бұл Кремльдің бұрынғы одақтасы Башар Асад биліктен құлатылғаннан кейін бір жылдан кейінгі алғашқы кездесу.

Al Jazeera мәліметінше, кездесудің алдында аш-Шараа Путинге Сирияның аумақтық тұтастығын қолдағаны үшін алғыс білдіріп, Ресейдің өңірдегі тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөлін атап өткен.

Владимир Путин өз кезегінде Сирия басшысының елдегі жағдайды тұрақтандыру және мемлекеттің тұтастығын қалпына келтіру бағытындағы әрекеттерін қолдайтынын айтты.

Сириядағы соғыс кезінде он жылдан астам уақыт бойы тараптар қақтығыстың қарама-қарсы жақтарында болды. Осыған байланысты Мәскеуде Дамаскідегі жаңа билік Ресеймен ынтымақтастықтан бас тартуы мүмкін деген алаңдаушылық болған.

Келіссөздердің негізгі тақырыптардың бірі Ресейдің әскери базаларының болашағы. Атап айтқанда, Жерорта теңізі жағалауындағы Хмеймим әуе базасы мен Тартус әскери-теңіз базасының тағдыры талқыланған.

Abai.kz

0 пікір