Сәрсенбі, 2 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1903 0 пікір 30 Қаңтар, 2026 сағат 00:07

Ата Заңға стратегиялық бағдар: ғылыми еркіндік Конституция деңгейінде бекітілуі мүмкін

Сурет: egemen.kz сайтынан алынды.

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бесінші отырысында комиссия мүшесі, Ұлттық ғылым академиясының мүшесі Дурвудхан Сұраған ғылыми шығармашылық еркіндігін Конституция деңгейінде бекіту мемлекеттің стратегиялық дамуына тікелей әсер ететінін, ғылыми еркіндіксіз тұрақты даму мен демократиялық қоғам құру мүмкін еместігін айтты.

«Ғылыми шығармашылық еркіндігін Конституция деңгейінде бекіту – ғылымды қосалқы құрам емес, жеке-дара құндылық ретінде мойындауды білдіреді. Баршамызға мәлім, ғылымсыз – тұрақты даму да, шынайы демократия да, тиімді мемлекеттік басқару да мүмкін емес. Конституциялық норма, ең алдымен – ғылыми шығармашылық еркіндігі мәртебесін айқындайды. Яғни, мемлекет оның еркін жұмыс жасауы үшін жағдай жасауы тиіс», – деді ол.

Оның айтуынша, ғылыми шығармашылық еркіндігі университеттер мен ғылыми орталықтардың дербестігімен, оқытушылар мен ғалымдардың академиялық еркіндігімен тығыз байланысты. Бұл норманы Конституцияда нақты бекітпейінше, ғылыми мекемелердің әдістеме таңдау, зерттеу және түсіндіру тақырыптары бойынша еркіндігін толық қамтамасыз ету мүмкін емес. Комиссия отырысында жаһандық бәсекелестік пен технологиялық трансформация жағдайында ғылыми еркіндіктің стратегиялық маңызына да назар аударылды.

Сөз соңында ол Преамбулада және қосымша баптарда адами капитал, білім мен ғылым, мәдениет пен инновацияны Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінің стратегиялық бағыттары ретінде бекітуді қолдауға шақырды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 355
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1036
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 325
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 307