Алтай қазақтарының қоныс жөткеу тарихы
1860 жылдардың соңында басталған Алтай қазақтарының Тәңіртауға , Тарбағатайға көші – Қазақ хандығының жойылуына байланысты Ресейдің шығысқа ірге кеңейтуі, Цинь империясының құлдырауына байланысты болған. Сонымен қатар жоңғар хандығының жойылуына байланысты қазақтардың бейбіт өмірі, халық санының қаурыт өсуінеде байланысты болып табылады. Осы көш нәтижесінде қазыргі күнде 300-450 мың қазақ қоныстанған Тәңіртау аймағы яғни Санжы облысы, Үрімжі маңы мен Баркөл ауданы қазақтары қалыптасты, 18 ғасырдың ортасыннан кейінгі Алтайға көшті Қожаберген батыр мен Ер Жәнібек бастаса, бір ғасырдан кейін Тәңіртауға көшуде көштің негізгі тобын Бөке батыр Жырғалаңұлы бастады.
1864 жылғы екі империяның келісімінен бұрын абақ керейлердің недауыр бөлігі қазіргі Абай облысы мен Шығыс Қазақстанның шығысындағы жерлерді қоныстанған болатын. Жоңғар хагндығы құлаған соң абақ керейлер шығысқа қарай көшкені мәлім, осы көштің жетекшілері Қожаберген батыр мен Жәнібек батыр болды. Жәнібек батыр туралы И. Г. Андреев мынадай мәлімет береді: «Татарск стацасынан Ертіс өзені бойы Ачарнск бекінісіне дейін керей болысының иеліктері, керейлердің жетекшісі Янибек(Жәнібек)». (1) Осы көш 1770 жылдары Зайсан көлі, Алтай тауына жеткен. Жәнібек батыр Алтай-Сауырдағы торғауыт-Дөрбітті жеңіп торғауыт ханының Көке деген қызын алады, оны үш ай иемденіп Санияз төреге береді(2) . Абақ керейдің аз бөлігі Жетісу жеріндеде қалып қойған, шеруші Байтайлақ батырдың туына таласқан бір ұлы нағашылары жалайырларға кетіп қалады. 1822- жылы қазақ хандығы жойылған соң Ресей билігі күшейді, 1785 жылдан бастап абақ керейге төре болған Көгедай мен Санияз қлы Қамбар ара жер таласы күшейеді. Зайсан өңіріне таласқан Қамбар төре Санияз ұлы Тәуке бала атты батырын жұмсап у жағылған сойылмен Көгндай төрені ұрады, Көгедай жылға жетпей қайтыс болып оның құн дауы Іле генералына дейін жетеді. Қамбар төре Маңырақ тауын жастабан руынан зорлықпен тартып алады, олар Алтайға жане Тарбағатайға ауады.
«1825 жылы Ресей Семей өңіріндегі қазақтарды өзіне бағындырды. Бұдан бұрын шығыста Бұлғын, Шіңгілден батыста Зайсан көлі, Нарын өзеніне дейінгі аумақ абақ керей елі жасап келе жатқан аумақ еді.»(3) 1822 жылы орта жүзде хандық билік жойылған соң Ресей жалғасты шығысқа ентелей түсті. Қазақ даласының шығысында 1822 жылға дейін толық қанды қазақ хандығына , сырттай Циньге бағынған қазақ рулары ендігі жерде Ресей бодандығын мойындай бастады. Найман руларының бір бөлігі, керейдің үлкен бір тармағы болған абақ керейлер, албан-суаның қомақты бөлігі, уақтың аз бөлігі Циньге бұрын сөз жүзінде боданбыз десе ендігі жерде ресми түрде бодан болды. 1830 жылдары орыс округтарының құрылуына наразы болған қазақтар көшіп кеткен, мысалы: Аякөз жане Көкпекті қазақтары Қытайға көшіп кеткен(4). 1844 жылға келгенде Көкпектіде абақ керей қалмаған, онда 11 болыстың ішінде сибан керей болысы ғана қалған(5). Жастабан руы Қарқаралы сыртқы округіне қарадыда жиыны 1045 үй 5-6 мың адам болды.1909 ер, 1855 әйел, 56212 қой, 15686 жылқы, 2781 сиыр болған. Кейін өсіп 2477 үй 10361 адамға жеткен.(6). Семейге қараған қазақтарданда біраз адамдар қытайға көшкен, Семейдегі қазақтың 41% найман, 32 % тобықты, 19% уақ, 6% ашамайлы керей болған(7). Олардың бірізі Тарбағатай аймағына ауып барған.
19 ғасырдың ортасында Ресей империясына қарасты қазақ болыстарында керейлер 13 болыс ел болған. Оның 4 болысы Петропавлда, 2 болысы Ақмолада, 2 болысы Омбыда, 1 болысы Көкшетауда, 1 болысы Шұбартауда, 1 болысы Семейде, 1 болысы Зайсанда тұрған.(8). Олар 1897 жылы 100 мыңнан асқан, осы жылы тұтас Ресей империясында 4 миллион 84 мың қазақ бар еді, ал Қытай мен Моңғолияда кемі 250 мың қазақ болған.
1860 жылдары Зайсан көлі атырабыда Ресей билігіне өтті, 1760 жылдардан бері осы маңды мекендеп келген абақ керейлер жаппай Ресейге бағынғысы келмей Цинь териториясына көше бастайды. «1864 жылы Ажы сұлтан 1000 үйді бастап Зайсаннан ауып Жеменейдің Сауыр тауына көшіп барады. (9)
1864 жылы қыркүйекте Ресейдің Бабуков, Захаров бастаған 600 құралды әскері Цинь ұлықтарын қарулы күшпен қорқытып келіссөзге көндірмек болады. Қазақнда Улиястай генералы Миң И екі жақтың «Қытай-Ресей батыс солтүстік шегараны айыру келісімін» не қоол қойды. 1869 жылы екі империяның «Қобда шегара келісімі», «Улиястай шегара келісімі», «Тарбағатай шегара келісімі» қатарлы келісімдерден кейін Ресей көп жерді өзіне қаратты(10). Осы шегара келісімдерінен кейін Қазақстанның Зайсан, Марқакөл, Күршім, Катонқарағай аудандарынан 5-6 мың үй 1864-1884 жылдары Қытай бетке көшуге мәжбүр болды, олар Алтай бетіне симаған соң Тарбағатай, Қобда, Санжы, Баркөлге көшу толқыны басталды. Осылайша Шығыс Қазақстанда Зайсанда кендірлің болысында негізінен, Мағырақ, Көкпекті болсында азырақ абақ керей, ал Қарқаралы уезіне қарасты Шұбартауда бір болыс, өзгелерін қосқанда 3 болыстай ел қалып қояды. Семей уезіндеде аздаған ел шәшірап қалады. «Зайсан маңынан көшкен 100 үй керей көше-көше Мориға дейін барды(11) «Зайсан маңынан көшкен 100 үй керей елінен Күреңқабақ Күртұлы бастаған 100 үй Манасқа барып қоныстанды. (12) Алтайдан жер аударған басқада көштерден 200-300 үй Мориға барған(жылы белгісіз) . Қареке шешен мен Қалмақбай бастағанмалшылар Манасқа барып қоныстанған. Аталбай, Сашқал қажы бастаған 155-200 үйде Манасқа көшіп барған. Онан тағы Бұтабай бастаған елде Алтайдан Жемсарыға ауып барған. 1878 жылы Ұліңгір өзенінің орта ағарында Семей облысы Өскемен уезінен қытайға қашып келген қырғыздар(қазақтар) мекендеді. Олар 1800 отбасы көшіп өтті.(13) Осылайша Өскемен, Зайсан уездерінде абақ керейдің аз бөлімі қалды. Өскеменде абақ керейдің 140 шаңырағы болған, олар Томск губерниясына қарасты казак-орыс қоныстарының жерлерін жалға алған.(14) 1885 жылы Алтайдан ауған ел Құтыби, Санжы, Боғдаға(Фукаң) онан ары Жемсарыға дейін барды. (15) Деседе бұл көштердің көлемі шағын болатын, оның үстіне сол дәуірде Цинь үкіметі қазақтарды Алтай, Тарбағатай, Іледен өзге өңірге барып мал бағуын шектегендіктен олар ұзақ тұра алмаған.
Моңғолияға көш
1868 жылы (Тунджи билігінің жетінші жылы) Бурылтоғайда (қазіргі Фухай округінің айналасындағы аймақ) істерді басқаратын уәзір қысқа мерзімге тағайындалды, бірақ бұл лауазым келесі жылы күшін жойды.(16) Қобда бетке ең алғаш абақ керейдің шеруші, жәнтекей екі руы келген. Жәнтекей Елеш Айытқұлұлы, Көбеш Айытбайұлы, Самарқан ауылдары келсе; Шеруші Кәрібай, Ырысбай ауылдары 1867 жылы Қобда бетке көшіп барып, 1869 жылдардан бастап мекендеп қалған.»(17) Қызыл аяқ шапқыншылығы кезінде Ажы төре қызылаяқтрға мал жиып бермек болғанда Қожамжар төре мен Жылқышы мал беруден бас тартады. Ажы зорлап алмақ болғанда елін бастап Қобдаға көшіп кетеді(18) «1870 жылы шеруші руынан Жылқышы, базарқұл руынан Көбеш жиыны 400 ден астам үйді бастап Моңғолияға көшіп кетті... 1890 жылы қарақас, молқы, шыбарайғыр руларынанда бір бөлім ел Қобдаға көшіп кетті». (19). Бұдан кейін жәдік, ителі руларыда ауып барған. 1880- жылы қоян жылы Алтай бетінде ауыр жұт болады, бұлда көп елдің малын аман сақтап қалу үшін көшуіне себеп болады. Осы жылы жұтқа ұшыраған жылы бір байдың мынадай өлеңі болған екен:
Шіркін-ай қоян жылғы биелерім,
Босайды сендерді ойлап жүйелерім.
Жер қайысқан бар малым жұтқа кеттің,
Артыңда кедей болды-ау иелерің.
Шіркін-ай қоян жылғы айғырларым,
Ас ішпей үш күн, үш түн қайғырғаным.
Жеткісіз айдап жұртқа қайран малым,
Бәрінен бір-ақ жылда айырылғаным.
Шіркін-ай қоян жылғы құр атым-ай,
Алысты жақын қылған қуатым-ай.
Көрген түстей көзімнен ғайып болдың,
Азырақ көңіл аулап тұра тұрмай (20). 1880 жылы Жылқышы, Барлам бастап 1000 үй Қобдаға(Қазіргі Баянөлгейге) өтіп кетті. (21) Демек жылқышы бастаған ел 1867 жылы 400 түтін алдынала көшкен, ал 1880 жылы Жылқышы 1000 үйді көшіріп әкеткен десе шындыққа жақындай түсетін сыңайлы. Қобда бетке көшуге 1760-1860 жылдарға дейінгі халық санының артуы, мал өрісінің тарайуы, 1864-1883 жылдаода Шығыс Қазақстаннан келген неше мың отбасының келуіне байланысты тіпті де өріс- қоныстың тарайуы басты себеп болды. Ал сол кездегі қызыл аяқ шапқыны қосымша себеп болды деуге болады.
Қызыл аяқ шапқыны
1780 жылдары Абылай хан қайтыс болған соң қазақ хандығының құлдырағаны сияқты 1780 жылдардан бастап Цинь империясы билігінде парақорлық асқынып шіріктесіп құлдырай бастайды. 1840 жылы Англия мен арадағы «апин соғысы» ында жеңіліп мүлде құлдырауға беталады. 1851 жылы християнның бір сектасы болған «Тайпин» көтерілісі басталып 1864 жылы аяқталады. Ал 1864 жылдан бастап Ішкі қытайдағы дұңғандардың көтерілісі басталып 40 миллион адам соғыста қырылады. Цин әулетінің Тунчжи билігі кезінде Шыңжаңның әртүрлі бөліктерінде көтерілістер басталды. Тунчжидің үшінші жылының қазан айында (1864) Құлжаның әкім бегі әкім бек Абдуллусу (Абдулшуле деп те аударылады) ұйғыр тараншы ауыл тұрғындарының көтерілісін басқарып, Құлжа қаласын басып алды. Қараша айында көтерілістің басшылығын қызметінен босатылған әкім бек Құлжаны басып алып, «тараншы сұлтанатын» құрды. Құлжадан қашқан әскерлер қашып Тарбағатайға барады, олар Майлы-Барлық тауын мекендеген қызай елін шауып, қызайлар Бұратала, Жың, Шихуға ауып кетеді, онан ары Жәйірдағы қалмақты шабады, қашқан қалмақтар Алтайға барады. Олар Алтайда бінреше жыл тұрып қайтадан Тарбағатайға кеткен. Олар Алтай елінің кең қолтық меймандостығына риза болып ауыл ақсақалдарына былай деген екен: « Біз керей елінің ішіне келіп ес жиып етек жаптық. Алтай тауының жазы жақсы-ақ екен, бірақ қысы қатты, мал отарлатып жыл бойы үй бетін көрмейтіндер көп екен. Біздің Тарбағатайда Құлыстай деген өзен бар, шапсаң пішен, салсаң егін. Ойы балық, қыры киік Майлы-Жәйір деген тау бар, жазы жәйлау, қысы қыстау. Соған көшіп барыңдар, ағайын болып өтейік» деген екен.(22)
Қызыл аяқтар1867 жылы Алтайдың Бурылтоғайына жетіп Жылыкөл бойына келіп халықты бұлап-талайды. Олардың басшысы Жаң Го, Жаң Сайлар Сауырға адам жіберіп Ажы төреге: « Біз Цинь үкіметінің Іле-Тарбағатайдан келе жатқан әскеріміз, Қобдаға кетіп барамыз. Алтай елімен жауласпаймыз, тек бізге ат-көлік, азық көмек етсеңіздер, аялдамай Қобдаға асып кетеміз» дейді. Ажы төре керейден 10000 қой, 1000 кесек киіз, 1000 ат, 1000 өгіз жинап бермек болады. Осы шапқыншылар сөзінде тұрмай Алтай елін үздіксіз шабады, Ертіс бойында Құланбай руын қырғындайды. Сыдықай батыр, Далай мергендер бастаған елдің жасағынан жеңіліп Сауырға барып есағасы, қазыбек, шыбарайғыр, елкелді ауылдарын шабады. Қызылаяққа қарсы соғысқа Далай мерген, Дәркен батыр, Қарымбек батырлар қол бастайды. Соғыста Қарымбек, Құйқалақ, Бітікен, Балапан батырлар оққа ұшады. Көбеш батыр атқа қонған соң ел дүр қозғалып аттанадыда қызыл аяқтарды қан-жоса етіп қырып Қобдаға асырады(23)
Тарбағатайға ауған ел
Алтай қазақтары 1868-1888 жылдары Тарбағатайдың Майлы-Жәйір, Барлық тауларына (Толы, Шағантоғай аудандары), онан ары Тәңіртаудың Еренқабырға(Шиху, Сауан аудандары) көшіп барады. Тарбағатайға көшкен елдің көбі Зайсан өңірі мен оған іргелес Алтайдың Жеменей ауданынан болатын. Зайсан өңіріне ол кезде Ресей саясаты жүріліп онда отырған елге Цинь империясының салығымен қатар Ресейдің салығы қабаттасып елге ауыр тиген. Сонымен қатар абақ керей төресі Ажының озбыр қылықтарыда себеп болған. Ажы өте құсбегі адам болған, ел ішінде қолына қыран құс түскендер , немесе жүйірік құнан шықса оны Ажыға сыбаға ретінде апару керек болады екен. Бұғыбай деген атақты саятшы кісі болып әлде неше рет қыран болатын бүркіт балапандарын Ажыға беріпті. Ақыры бір күні торына шұбар құйрық қыран түседі, оны Ажы естіп қашан әкелер екен деп күтседе әкелмепті. Ақыры күдер үзіп әкелуге адам жіберсе Бұғыбай: «Ажыға құс керек болса мағанда керек, бұрында талай құс алған солда жетер!»- деп қысқа қайырыпты. Содан бастап Ажы оны жау санапты, онан бір күні бір жиылыста Ажымен Бұғыбай бірге отырып қалады, қыран құс жәйлі әңгіме шығып Ажы қыран құс туралы айытқандары Бұғыбайдың айытқанынан төмен болып қаладыда іші қыж-қыж қайнап жүреді. Бұғыбаймен рулас Темір деген адам алман алғалы келген орыс салдатын сабап, шынжырлап байлап тастап елді шошытады. Ел болып тоқтатып салдатқа мал беріп ауызын алады. Барқының әулиесі, батыры Мұқы деген кісінің ұлы Көбен құнанын бәйгеге қосқанда , Көкен бидің баласының құнаны екеуі қатар келіпті, керешілердің айтысынша Көбеннің құнанының басы озып келген екен. Оған Көкеннің ұлы бойбермеген соң төбелес шығып Көбен алдымен қамшы сілтеп оны басқа тартып жібереді. Ақыры үлкен дау болып кетеді. Онымен қоса Ажы Мұқыны орыстың жылқысын ұрлады деп Семей түрмесіне жапқызады, туыстары төлем беріп жүріп шығарып алады. Сол кезде атантай руынан Топай деген адамда бір жиында Ажыға қарсы сөз айтады, осылайша Мұқы, Топай, Темір, Бұғыбай Ажы төренің жауларына айналады, Ажы оларды орыспен қалмақтан жасақ әкеліп көздерін жоймақ болады, оны алдынала сезген олар өздеріне қарасты елдерін бастап Майлы-Жәйірға ауады.
«Толы ауданы тарихи материялы», 1- кітабында абақ керейлердің Майлы-Жәйірға көшуі 1868- жылы Мұқы, Топай, Темір, Бұғыбай қатарлы төрт адам бастаған, 72 ауыл 350-400 үй деп көрсетілген. Тағыбір деректе: «1872 жылы Мұқы, Топай, Темір, Бұғыбай бастаған 72 ауыл, 400 ден артық үй Тарбағатайды бетке алып ауды. 1873 жылы Майлы-Жәйірға барып тоқтады. Келесі жылы жастабан руынан Есет, Атантай руынан Саудабайлар 300 үйді бастап Майлы-Жәйірға барған. Осы елден кейін 1876 жылы шеруші руынан Кәрібай шеруші руларын бастап Майлы-Жәйірға барған»- делінеді. (24) Қажынаби бұл көшті 1870 жылы деп көрсетеді (25) 1867 жылы Алтайдағы барқы руының ру басылары Мұқы, Топай қатарлылар 350 үйді бастап Тарбағатайдың Жәйір тауына көшті(26). Мұқы 1888 жылы қайтыс болған, оның құлыптасында 1868 жылы ауып келді деп жазыпты, сонда Сауырдан 1867 жылы ауып, Қобықты қыстап 1868 жылы Майлы-Жәйірға келген болады. Олар Алдын-ала жер шалған кезде Майлы-Барлықтағы қызай елі ауып кетіп бос жатыпты. Осы ауған ел барқы, атантай руыларын негіз еткен, тағы Мұқының қайын жұрты шеруші Жүзбай байдың ауылы бар екен. Мұқылармен бірге аумақ болған атантай Саудабайдың әкесі ауру болғандықтан көшпей қалады, көп ұзамай қайтыс болады, келесі жылы асын берген соң досы жастабан Есетті ертіп жастабан, атантай т.б рулардан 300 үйді бастап 1869 жылы Майлы-Жәйірға келіпті. Бұлар Зайсан жане Жеменей жерлерінен ауып келгендер еді. Олармен бірге уақтардан 200 үй Жәйірға ауып келген.
Мұқылардың көшінен кейін сегіз жыл өткенде Алтайдың Буыршын ауданын мекендеген шеруші елінен Кәрібай Балабайұлы бастаған 150 дей шеруші руын негіз еткен ел Майлы-Жәйірға барады. Кәрібайдың әкесі Балабай әсілі Ажының ақылшысы екен, Ажының ханымы Әбен Балабайдың немере қарындасы болатын. 1867 жылғы көште Балабай көштің артынан қуғыншы болып барыпты. Алайда Ажы сол жылы өлген соң шерушінің қақ жарымы Қобда бетке ауғанда Кәрібай ермей қойыпты. 1875 жылы жазатайым өз інісімен егесте інісі жараланып қайтыс болады, бұл «төрт би- төре» алдына жеткен үлкен дауға айналады, төрт бидің ниетін түсінген Балабай ауып кетуді жөн санайды. Осылайша Кәрібай бастаған ел Алтайдан 1875 жылы ауып, 1876 жылы Майлы-Жәйірға жетеді.
1870-1880 жылдар шамасы Көкпекті-Кендірліктен Аман зәңгі бастаған 300 үй меркіте Майлы-Жәйірға бет түзейді(27) Бұл елдің жартысы Майлыда қалып қалғаны Еренқабырғаға мекендейді. Деректерде Жәнібек батыр ауылы болған жәйлау-сары рулары елдің ең соңынан көшіп Майлыға келген, аз бөлімі Майлыда қалып көбі Сауан ауданына өткен.(28). Тағы жәнтекейдің есдәулет деген атасыда Зайсаннан көшіп(көшкен жылы белгісіз) Майлыға келген, олар қонған сай әлі күнге «Есдәулет сай» деп аталады. Олар Сауанға барып тұрақтайдыда бір тобы Үрімжі, Санжы, Баркөлге кетеді.
Майлы- Жәйірға 1868-1883 жылға дейін жиыны 1200 ден аса үй , 6000 нан аса адам ауып барады. 1884 жылы Шыңжаң провинция болып құрылғанда осы керейлер бір үкірдай(болыс), алты зәңгі ел болады. Барқыға базар, жантас-ботақараға -Иса, атантайға-Саудабай, шерушіге-Кәрібай, жастабанға- Есет, меркітке- Бөлкендік зәңгі болады. 1884 жылдан кейн Зайсаннан Мамырбек төре, жәдік Қанай, қарақас Жұмағұл елі келеді, Қабадағы шыбарайғырлардан бір бөлім ел келедіде , осы рулар бір зәңгі болады. 1893 жылы Мамырбек Майлы-Жәйір-Барлықты мекендеген керейлерге үкірдай болады. 1912 жылы Цинь құлағаннан кейін Көбен бастаған ел иелері сайлам арқылы ел басқару керек деп оның қолдаушылары- «жаңа», Мамырбекті қолдаушылар- «көне» деп бөлініп екі жақ соғысып екі адам өледі, ақыры Мамырбек Сауырға барып жарты жыл паналайды, осы үлкен дауды Алтай билерімен Жәке би келіп бітіреді. Осыдан кейін атантай Қырықбай 1913-1914 жылдары үкірдай болса, Шөкібай Кәрібайұлы 1914-1917 жылдары үкірдай болады. 1918 жылы Мамырбектің ұлы қызыр Тарбағатай әмбісына тоғыз жамбы беріп үкірдайлықты алады, онымен сайламға түсіп жеңілген барқы Түсіп Бозанұлы сол жылы 300 ден артық барқы, қарақас руларын бастап Сауан-Манасқа ауады. Айтуларға қарағанда сол жылы үлкен жұт болады, Көбен батыр қайтыс болып , оның 800 жылқысы сол жылы жұтта қырыладыда жалғыз айғыры қалыпты. Бұдан көшке жұт яғни қар апатыда себеп болғанын көреміз. 1935 жылы барқы Қалибек Райымбекұлыда өз туыстарымен Сауанға ауып кетеді. Қызыр 1918-1930 жылдары ел билесе; Онан кейін барқы Әсейінғазы 1931-1937 жылдары ел басқарады; Онан кейін төре Омар Рақышұлы 1937-1941 жылдары ел басқарып , 1941 жылы Үрімжіге шақыртылып сонда түрмеде өледі. Онан кейін шеруші Маңғыл Көлбайұлы 1942-1945 жылдары ел басқарады. Осы керейлер 1870 жылдан бастап бейбіт өмір сүріп саны еселеп өсіп қазіргі күнде 130-200 мыңға дейін жетіп отыр. Осы елдің тыныш болуына 1883-1945 ке дейін ел саны 3-4 есе көбейседе бір үкірдай , жеті зәңгі түзімінің өзгермеуі, салықтың тұрақты болуы, ел басшыларын сайлау арқылы шығаруы себеп болған деуге негіз бар.
Санжыға ауған ел
Тәңіртаудың теріскейіндегі Санжы деп аталатын түркінің көне жұрты бұрын «Бесбалық» атанған. 1417 жылға дейін қазақ руларын негіз еткен Моғолстанның бір аймағы еді. Ойраттар басып алғаннан кейін қазақ рулары батысқа ауған болатын. Жоңғарлар жойылғаннан кейін бұл жер негізінен иен жатқан болатын. Гуансюй императорының билік құрған он екінші жылында (1886) Дихуа префектурасы Чжэньди округінің қарамағындағы Дихуа округіне (Үрімжі аймағы) ауыстырылды. Префектуралық орталық Дихуа округінде (қазіргі Үрімші қаласы және Үрімші округінің кейбір бөліктері) орналасқан және бес округті басқарды. Гуансюй императорының билік құрған жиырма тоғызыншы жылында (1903) Фуюань округі префектурадан бөлініп құрылды.
Осы ірі аймаққа қазақ көшін Бөке Жырғалаңұлы бастады. Бөкенің жас кезінде Көктоғай-Шіңгіл Қобда уаңына тіке қарайтын, ондағы Сары Уаңның түйесін барымталау оқиғасына байланысты Бөкеге қуғын түседі. (29) 1880 жылдары Шонжы Солтүстік Шыңжаңдағы маңызды жол торабы, сауда орталығына айналады. 1885 жылы Шыңжаңды Лю Жинтаң деген қытай ұлық басқаратын. Осылайша Бөке Шонжыдағы төрт ұлттың ішіндегі қазақтан шыққан шаңия(Ауыл бастығы) болады. 1883 жылдан бұрын қазақтардың Алтай, Тарбағатай, Іледен өзге жерлерге барып қоныстануына тиым салынған болатын. Тәңіртаудың теріскейі иен жататын. Бөкеге бастапта 100 ден аса үй ғана еріп көшкен. Бөке Лю Жинтаң генералдың Шонжыға келгенін пайдаланып оны қонағасыға шақырып , көп аң терілерін тарту етеді. Лю Жинтаң разы болып Бөкені Шонды маңындағы қазақтардың залыңы етіп тағайындайды. Бөкеге еріп барған елдің жағыдайы жақсарғанын, Шонжының саудағада, малғада қолайлы екенін естіп Алтайдан көп ел ағыла бастайды, соның бірі қарақас Мәнтібай болса , бірі сарбас Қаба деген кісі екен. Қаба 700 үйді бастап Шонжыға келіп мал төлдетеді(30) 1890 жылы елкелді-есдәулет руынан Алғадай қажы бастаған ауылдар көшіп келіп Шонжы, Үрімжі, Құтыбиға қоныстанады. 1895 жылы Генерал Бөкені Үрімжіге шақырып қаракөк тасы бар бас киім кигізіп, Еренқабырға, Боғда қазақтарына әмбі болғанын ұқтырады, талап бойынша Бөке Мичуан маңына келіп қоныстанады.(31) Бөкенің турашыл, әділдігін естіп Алтай, Тарбағатайдан көп ел көшіп келеді. Тарбағатай әмбісі Мәтен бұдан алаңдап оның үстінен арыз жазады, оны Үрімжі ұлықтары елемеген соң Пекинге арыз жазады. Сонан патшаның «Үрімжі маңына қазақтардың мал бағуына болмайды, малшылар түгел Тарбағатайға көшірілсін!»- Деген бұйрығы келеді.(32) Тарбағатайдан арнайы әскер келеді, олармен соғыс болып 9 адамын өлтіріп Манастан ары қуып салады. Бөке түрмеге жабылып алты ай жатады, шыққан соң генералға жолығып « Үрімжі, Боғда, Еренқабырға қазақтары ешқайда көшпейді, жәйлау-қыстаулары мекендеген ауылдардың иелігінде болады» -деген мөр басылған қағаз алады(33)
1880 жылы Бөке бастаған 300 үй молқы, Қама бастаған 700 үй қарақас, сарбас рулары өр Алтайдан ауып келген соң батысқа беттеп қазіргі Санжы-Үрімжі төңірегіне мекендей бастайды(34) « Бөке бастаған Шіңгіл, Көктоғай аудандарынан 1000 нан астам үй 1883 жылы Боғда тауына көшіп барды. Бөке онда Шаңия мәнсәбін алып Алтай билеріне салық тапсырудан бас тартты. Алтай билері Үрімжіге арыз жазып елді қайтаруды, Бөкені ұстауды талап етті. (35). Бөке өте әділ, турашыл, жоқ-жітікке қарасқыш қайырымды адам болғандықтан, Алтайдағы ел арасында : «Бөке деген әділ би шығыпты, жоқ-жітікке қарайласқыш екен, оған ауып барған ел бірнеше жылда байып кетіпті»- деген сөз тарайдыда көшушілер күн санап көбейе береді.
1881 жылы Ресей мен Қытайдың Іле аймағындағы шекара мәселесін айқындауға арналған келісімі. Қытайдағы мұсылмандар көтерілісінің қол астындағы ұлт аймақтарына қанат жаюынан сескенген Ресей 1871 жылы қазақ жеріне жақын Іле аймағын басып алды. Қытай Шыңжаңдағы көтерілісті басқаннан кейін Ресейге Ілені қайтару туралы талап қойды. Екі ел арасындағы ұзаққа созылған дипломат. келіссөздерден кейін 1881 жылы 12 ақпанда екі жақ Петербург шартына қол қойды. Келісім бойынша орыс әскерлері басып алған Іле аймағы Қытай үкіметінің билігіне қайтарылды, тек Цин өкіметінің билігінде қалғысы келмейтіндерді орналастыру үшін деген желеумен Ресей Іленің батыс бөлігін иемденді. Іле халқына бір жыл ішінде Ресейге дүние мүлкімен кедергісіз қоныс аударуға рұқсат берілді. Екі мемлекеттің Іле аймағындағы шекарасы Бежінтаудан басталып, Қорғас өз-н бойлай оның Ілеге құяр тұсына дейін созылып, одан қазіргі Алматы облысындағы Көлжат ауылының шығысын орап өтіп, оңтүстікке қарай Ұзынқаратауға дейін, ал қалған жері 1884 жылғы Шәуешек келісімінде көрсетілген сызықпен өтетін болды. Алайда қазақтардың бұрынғысынша жайлау мен қыстауларын ауыстырып, көшіп-қонып жүруі Ресей мен Қытай шекарасында біраз қиындықтар туғызды. Келіссөздер барысында патша өкіметі “жерлері дұрыс бөлінбеген қазақ рулары тұтасымен Ресей бодандығында болу керек” екендігін дәлелдеу арқылы, Зайсан мен Қара Ертіс аумағындағы шекараны Ресейдің пайдасына қайта белгілеуге қол жеткізді. Шекара сызығы Қара Ертістің Күйтін тауларынан Сауыр жоталарына қарай кесіп өтетін болды. Шегара бөлінген соң шегара маңындағы елдің қайсы елді таңдауына бір жыл уақыт беріледі. Осыдан соң Шығыс Қазақстаннан неше мың отбасы Қытайға қарасты жерлерге көшеді.
Меркіт елі Зайсан қаласы тұрған жерді мекендеп келген екен(36). 1884- жылы Жәке би бастаған мың үй керейлер(меркіт руы) Зайсаннан көшіп Жеменейдің Ласты деген жеріне көшіп келеді. Сонымен бірге шыбарайғыр руынан мыңдай үй, найман руынан мыңдай үй Қаба ауданына өткен. Ал мың үйдей керей ата-мекендерін қимай Зайсан жерінде қалып қояды. Бұл туралы сол ел арасында мынадай өлең тараған:
Ақ бидәй, қара бидәй, қызыл бидәй,
Орысқа бодан болдық жерді қимай.
Қой үстіне боз торғай жұмыртқалап,
Боларма заман қайтып бұрынғыдай?»(37). Бұлар кендірлік болсын құрады.
Бөке батыр түрмеге түскенде інісі Шөке келіскен бір жолбарысты атып алып, оның терісін тірі жолбарыстай етіп қатырып Лю Жинтаң генералға тарту етіп, Бөкені босатып алады. Асқар Татанайұлы: «Бөке бастаған елдің көшуі 1883 жылы басталған... 1888 жылы Бөке Пекинге барамын деп шығып кетеді...1890 жылы 400 үйді бастап Тәңіртаудан асып , Чақылықтан өтіп Цинь әскерімен соғысып қалады»(38) 1908 жылы Тибеттегі уәзір : «Қазақтар тибет жеріне кірді»- деп мәлімдеген(39) «Бөке батыр» атты дастанда 1880 жылы Бөке Алтайдан 600 үйді бастап ауған делінеді. Он жыл көшіп ақыры Тибеттен асып Бутан жеріне барып тұрақтаған (40)Бұндағы 600 үй Алтайдан шыққан 600 үй емес, қайта 1895 тен кейін Тәңіртаудан асып Тибетке барған елдің түтін саны. 1903 жылы Бөке бастаған 300 үй Тибетке өтіп кетті» (41) 1902 жылы Іле генералы Чаң Гін Пекинге шақырылады, ол Алтайды басып Қобда арқылы Пекинге барады екен. Алтай елбасылары генералды күтіп алып , қыруар тарту ұсынып, Алтай халқы атынан Пекинге төте қарау туралы арыз жазып, сонау цянлунь патша заманынан бері дербес өмір сүрып келе жатқанын айтып, осы арызды патшаға жеткізуді өтінеді. Генерал орындауға уәде беріп аттанады. Осылайша арыз патшаға жетіп Алтай Қобдадан бөлініп Пекинге төте қарайтын болады(42)
Бөкенің заманында Алтай елі жаппай ауып қақ жартысы осы Тәңіртауға келіп мекендеген көрінеді. 1840 жылдары Алтай керейі 15 мың түтін 70-80 мың халық болса, 1911 жылы 11517 түтін 59513 адам болған. Ал 1919 жылы 7200 үй, 36 мың қазақ қалған. 1944 жылы қайтадан Алтайда 63040 адам болса оның 53352 қазақ болған(Көктоғай, Шіңгілді қамти алмаған санақ), 1946 жылы 78844 қазақ болған. (43)
1904 жылы (Гуансю императорының билік құрғанының 30-шы жылы) Қобда әкімшілік уәзірі құрылып, істерді басқару үшін Чэнхуа(сарсүмбе) ғибадатханасына (қазіргі Алтай қаласы) көшірілді, бұл Қобда мен Алтайды бөлуді жүзеге асырды. Бұл Алтай аймағының ресми түрде құрылуының бастамасы болды. 1906 жылы (Гуансю императорының билік құрғанының 32-ші жылы) Қобданы бөлу арқылы Алтай аймағы құрылды, Сихэн Алтай әкімшілік министрі болып тағайындалды, ол Моңғол Алтайының Урянхай, Жаңа Торғұт және Жаңа Хошут тайпаларын басқарды және Чэнхуа ғибадатханасында (Қазіргі Алтай қаласы) тұрды. (44) 1904 жылы тамыз айында Қобда іс басқарушы уәзірі Ши Хың былай дейді: «Алтай құлазып қалды, қазақтардың көбі көшіп Санжы, Фукаң, Манас, Құтыби, Үрімжі, Шонжы, Мори, Баркөлге барды»- деген.(45) «Бөке бастаған қазақтар Тибетке ауып барды. 1908 жылы Тибетте тұратын уәзір: «қазақтар Тибетке келді»- деп мәлімдеген. (46). Бөке батыр өзі Пекинге арызға барып рұхсат қағаз әкелген дейді, осыдан соң Тәңіртауға барған елге патшадан қуу туралы пармен болмайды, осылайша Шихудан-Баркөлге дейінгі аумаққа қазақтар ерікті тұра беретін болды. Алайда Ал оның Тибет асуына Алтай-Тарбағатай ұлықтарының іштарлықпен жапқан жаласы мен арызы себеп болды. Үйткені Алтайдағы қазақтың қақ жарымы Тәңіртау баурайына ауып кеткен еді. Бөке Тибет жеріне ауып барып , онда неше жыл мекендеп Тибет жерінде ауырып өледі, арада апта өтпей үкіметтің қуғыншы әскері оның қабырын ашып басын кесіп әкетедіде елді айдап Үрімжіге әкеледі. Бөкенің басын неше күн іліп қойып елге сес көрсетеді. Артынан елді қайта Шіңгңлге көшіредіде Бөкенің басын ұлына қайтарып береді, ұлы оны Шіңгілге апарып жерлейді. Осылайша Бөке батырдың денесі Тибетте, басы Алтайда қалады. 20 ғасырдың басыныыда Алтайдан тағыда толассыз ауған елден 300-500 үй ауып Морйға барды, 200-300 үй ауып Манасқа барды(47)
1911 жылы Алтайды билеген торғауыт Палто Цинуаньның тұсында ол 12 абақ керейге 12 тәйжі қояды, тәйжіге қарайтын бірде -екі үкірдай, үкірдайға қарайтын 1-2 залың, 5-6 зәңгі қойылды. Алтай елі орталық үкіметке тапсыратын салықтан тыс гүңге мың қой, тәйжі өзіне қарасты елден 400 қой, үкірдай 100 қой, залың 30 қой, зәңгі 20 қой беруге міндетті болды. Палта тағы алтай елінен 3000 түйе, 3000 жылқы, 500 өгіз, 1000 сиыр, 1000 қой жинатып алады. 1912- жылы Майлыдағы Көбен батыр мен Мамырбек төре қақтығысып, тағы Тарбағатай әкімі Мәтеннің қысымы болып Мамырбек 40 адамымен Сауырға қашып келіп паналайды. Осы адамдарды кұту дегенді желеу еткен Жеңісқан төре мен төрт би тағыда елден 40000 қой жинап алады(48) Жоғарыдағы деректе тәйжі атағын алған адамдар мыналар: Шыбарайғырға -Дабы , Жәдікке Кәкен(жанатарға), Қылыш(Мәліктерге), меркітке- Қабыл, Жәнтекейде Оспан(Барқы т.б), Нәзір(Шақабай), Зия(Базарқұл), Дәулктше(шүйіншалы), Жанымқан(Шақабай), Құли(Молқы), Қалел(Қарақас), Жапар(Ителі), Буратай(Сарбас), Сүгірбай(Шеруші), Қасымбек(Найман, жарболды). Бұдан бұрын билер мен сұлтан төре, қара билерден өзге салық жиятын мәнсапты болмаған. Мәнсапты көбейген соң салық көбейіп елдің көшуіне себептің бірі болған.
Осы жылы цинхай революциясы туылып Цинь империясы ыдырап жойыладыда орынына қытайлар билікке келіп «Жұңхуа минго» үкіметі құрылады. 1912 жылы президент сайламы болып оған Алтай уәкілі ретінде Зәкәриябейсі мен Баймолла барып қайтады. Осыдан соң керей төресі Әленге хан лауазымы беріледі(49) Осыдан кейін Мамырбек пен Жеңісқан құда болады. Сауырдағы Қали зәңгі ауыр салыққа шыдамай , Жақып әмбының шабарманын байлап Құтыби, Манас жаққа көшіп кетті.(50)
1917 жылы қазан революциясынан кейін Кеңестер одағынан ауған қазақтардан көп адам қытайға өтеді. Мысалы Ақсуаттан ауған ел Тарбағатайға келген, онан тұрақтап тұрмай Үрімжі маңына келіп мекендеген.
Моңғолияның тәуелсіздік алуы жане соның салдарынан елдің көшуі
Сюаньдунның үшінші жылының шілдесінде (1911), Сыртқы Моңғолияның тәуелсіздігін алғашқы жақтаушысы болған Тушету хандығының ханзадасы Хандадоржи Ресейге делегация бастап барып, Ресейден әскери қолдау алды. Синьхай революциясынан кейін Цин әулетінің билігі біртіндеп ыдырап, Хандадоржи және басқалары дербестенуге орай келді деп сенді. Қараша айының басында Кулунда Тушету хандығының көсемі және сол қанат тыл туының жасағы Чакдуржаб басқарған «Уақытша Халха істері кеңсесі» құрылды. 30 қарашада орыс және моңғол әскерлері Кулун істері кеңсесін қоршап алып, Цин армиясын қарусыздандырып, Кулун істері министрі Сандуо мен оның айналасындағыларды елден шығарып жіберді. 1 желтоқсанда Моңғолия үкіметі Цин әулетінен тәуелсіздігін жариялады.[51] Мұны білгеннен кейін Цин үкіметі Кулунға жауапты министр Пенчук Челинге Кулунды тәуелсіздігінен бас тартуға көндіруді сұрап телеграф жіберді. 21 желтоқсанда Цин үкіметі Бейжіңдегі шешен хандығының көсемі Доржи Парамды және Кобдоға жауапты жаңадан тағайындалған министр Гуйфанды «Кулун оқиғасын тергеу министрлері» етіп тағайындады. Алайда, орыс және моңғол тараптарының кедергілеріне байланысты миссия орындалмады.(52) Хандадоржи, Челин Чимит және басқа да ханзадалар мен ламалар Сыртқы Моңғолияның сегізінші Жебцундамбасы Хутуктуды Кулунда император етіп таққа отырғызды. Жебцундамбасы Кулунда таққа отырды және «Богд хан» («Күн императоры» деп те аударылады), Гундай билік атағымен марапатталды және «Ұлы Моңғол мемлекетін» құрды.[53] 1912 жылдың қаңтарында Улиастайдағы орыс консулы Засагту ханы Сотнамблаттанға көтеріліс бастауға көмектесті. Засагту ханы Цин әулетінің Улиастай генералы Куйфангты, Улиастай министрі Ронгенді және басқаларды қуып жіберуді бұйырды және оларға «барлық қоймаларды, күмісті, атласты, әскери киімдерді және т.б. жеті күн ішінде моңғол министріне тапсыру және өз қаражаттарын елге оралуға дайындау» мерзімін берді. Куйфанг келісуден бас тартты, ал орыс консулының көмегімен казак атты әскерінің тобы Куйфангты елден күштеп шығару үшін жіберілді.(54) Мамыр айында Қара Лама Данбицзянзан, Марксерзаб, Дамдинсулун және Хайшань Сыртқы Моңғол әскерлерін Қобдоға шабуыл жасауға жіберді. [55] Шыңжаң губернаторы Ян Цзэнсинь Қобдоны құтқара алмады, ал қала құлады.
Осы тұста Қобда қазақтарының ішінде шерушінің ел иесі Сүгірбай халқаның қытайды жеңгеніне күмәнданып қытай ұлықтарына хат жазады, ал Қылаң ендігары қытайға салық төлемеңдер деген бастама көтереді.(56) Моңғолия тәуелсіздік алған соң Алтай бұрын Моңғолияға қарасты жер қайта қосып алу керек деп басып алуға әскер шығарады. Дәл осы оқиғаға байланысты осы жылы (1913) жылы Өр Алтайдан Қалел(Қарақас), Бақырай, Жапар(ителі), Буратай(сарбас) бастаған рубасылар Шонжы, Мори, Баркөлге көшіп барады. Кейін Бақырай, Қалел, Жапар бастаған елдер Алтайға қайттыда , Буратай бастаған ел Баркөлде қалып қалды(57)1912- жылы Моңғолияның Жалама бастаған әскері Шіңгілге кіріп олармен атыста Сақари, Сатанбай, Мәмила бастаған 12 адам қаза тапты. Ел үркіп Шонжы мен Мориға, Баркөлге барды. Жалама Қобда қазағын солтүстікке айдап қарсыласқан қарақас Ақынбекті тірідей сойып , терісінен тұлып жасап елді қорқытады, ақыры шыдамаған ел уықтарды үшкірлеп ұштап моңғол әскерлеріннен 36 адамдысонымен шәншіп өлтіріп қашып Тыва, Қосағашқа қашып барады. (58) Елді айдағанда Жалама 50 сәбиді киізге орап тұншығып өлсін деп далаға тастайды, ол жер қазірде «Елу бала дарасы» атанады. Ақыры 3 жылдан соң 1270 үй ел өз мекеніне қайта оралады. Ал өр Алтай елінің көшуіне 1912 жылғы Моңғолияның Алтайға басып кіруі себеп болған. Сол себепті Буратай, Ноғайбай мың үйді бастап Баркөлге барды, енді біраз бөлігі Морй, Шонжыға барды... Сол жылы Алтай мен Тарбағатайдан көшкен 300 үй қазақ Шонжы, Жемсары, Фукаң, Құтыби, Манас аудандарына көшіп барды. (59) «Алтайдың Жеменей ауданындағы елкелді руының зәңгісі Қали билерге алман-салық төлеуден бас тартып , Жақып әмбінің шабарманын байлап алып 300 үйді бастап Құтыби, Манас өңіріне көшіп кетеді(60) Елкелді руынан қали 300 үйді бастап салық жинағалы келген шабармандарды байлап алып Құтыби, Манасқа көшіп кетті.(61) 1914 жылы Нұрғали бастаған Шіңгілден 200 ден артық үй Баркөлге барды(62). Базарқұл руынан Стамбол елі ауып Боғдаға барды . (63). Бұл «қалқа шапқан заман», «Стамбол шабылған заман»- деп аталды. 1919 жылы Шыңжаң билеушісі Ян Зышыин Алтайға Жу деген қытай бастаған 400 әскер жібереді, осыдан бастап Алтай Шыңжаң провинциясына бағынатын болады.
1921 жылы Кеңестік қызыл армиядан жеңілген Бакич бастаған 10000 нан артық ақ орыстар Тарбағатайға басып кіріп, артынан Алтайға келеді. Қызыл армия бұларды қуалап Майқапшағай, Алқабек, Білезік арқылы Алтайға кіріп олармен соғысады, ақтар жеңіліп Қобдаға қашады, қобда қазақтарынан мал алмақ болып шерушінің рубасы Дөрбітқанды қолға алады, ол мал беруден бас тартқаны үшін атып өлтіреді, інісі Дәлелқан қашып құтылып Алтайға келеді. Сол жылдары Алтай халқы ауыр апатқа ұшырады, ақсүйек жұт болып 2000 ға жуық адам аштан өлді(64) Осы тұстада елдің сыртқа ауғаны байқалады, мысалы Жақып биге 1903 жылы 1600 үй қараса кейін 800 үйге азайған екен.
1921 жылы Моңғолияда коммунистік билік орнай бастайды. Қобдадағы елбасыларынан шеруші Сүгірбай, Қылаң, Қиубай бастаған үш хошун, ботақара Ақтышқан, молқы Ахмедияр жаңа үкіметке адалдық танытады. 1924 жылы Қобда қазағынан Қанапия, Дәуітбай, Ибрахимда Ұланбатырға барып сол жерде Тұрар Ырысқұловпен жолығып кеңесін алып қайтады.(65) 1924 жылы Мұқыр толқа бастаған Моңғол әскері Шіңгілге басып кіріп ел қырғындады. Олар Сұраубай, Сапарғали, Сексен, Қажет, Қоңырбай бастаған қатын- бала аралас 50 ден аса жазықсыз адамды қырып кетеді. Осы оқиғадан соң көп ел Баркөлге ауып Шіңгіл елсіз қалдыда, екі жылдан соң қайта ауып келді(66) 1920 жылдардан бастап әділет жолында күресіп, өз алдына қарулы қосын ұстаған Зуқа батырдың басы алынғаннан(1929 жылы басы алынды) кейін, 1930-1933 жылдары Сарай бастаған 1000 үй Моңғолияға ауады. (67) 1930 жылы Моңғолия үкіметінде Элдев Очирдың мәліметі бойынша Алтайдағы 12 абақ керейде 74 мың 651 адам деп көрсетеді. (68). 1932 жылы Бөкенің ұлы Рабай 700 үйді бастап Моңғолияға ауып кетті(69). 1931 жылы Шіңгілде жалған жала жауып Жантайлақтың басын Мадарың деген дүңген кесіп әкетеді. Базарқұл Зәйіп 1000 үйді бастап боғдаға ауса, көбі Боғдада қалып артынан Зәйіп 230 үймен Баркөлге ауып барады(70) 1931 жылы Моңғолияда қазақтар тұрған жерлерде жаңа әкімшілік құрлымдар құрыла бастады. Олар шеруші, шыбарайғыр, қошақ молқы, байқадам(қангелді-секел), ботақара хошундары құрылады. Шеруші хошуны бақат, саңырау, құрман деп бөлінеді. 1937 жылы әкімшілік бөлініс ру аттарымен емес жер-су аттарымен аталды, олар: Ұланғұс, Сақсай, Цеңгңл, Делуін ,Тұлба, Құжырты, Цпгпннур, Баяннур, Цағангол деп аталды. 1940- жылы 19-20 тамызда құрылтай ашылып «Баянөлгей қазақ қлттық» аймағы құрылды. Б. Қаби тұңғыш аймақ әкімі болды. 1943 жылы аймақ әкімі болып Жеңісқан Түзелбайұлы тағайындалды.(71)
1930-1940 жылдардағы көші-қон
1928 жылдан басталған компескелеу саясаты мен 1931 жылдардағы ашаршылық, саяси репрессияға баййланысты Қазақстаннан Қытайға 96 мыңнан аса қазақ өтеді. Алтайға Шығыс Қазақстаннан Әбдікәрім болыс бастаған ел өткен, оның ішіндеде талай адамдар Алтайдан тәңіртауға босып кеткен. Шұбартау көтерілінен кейін көшкен 500 үйдіңде біразы сауан, Құтыби, Үрімжі маңына келген. Бұлардан өзгеде әр жерге тіпті Баркөлге дейін келген кеңестік Қазақстан қазақтары болды. 1931 жылы Шыңжаңда ұйғырлар көтерілісі басталады. Құмылда Қожанияз әскері 6000 ға жетеді, Баркөлдегі қазақтың ел ағасы Әліпте оны қолдап көтеріліске қатысады. Ұйғырлар Шыңжаңды алуға шамамыз келмейді деп Гансудағы дұңғандардан көмек сұрайды (72). Осылайша Ма Жұңиың бастаған дұңған әскерлерінің лаңы басталады. Ол кезде Алтайда Лю атты баталион командирінде 600 қарулы әскер болса, Жаң Дауйіңда 3000 мылтық болса, Әлен мен Қанапияда 300-600 бес атар, тоғыз атар , торғауыт уаңында 600 тоғыз атар бар еді, Шәріпқан осы күштерге тағы халық ішіндегі қаруы барларды қосып жиыны 5000 әскер топтап көтеріліс жасауға қамданды(73) Ма Жұңиың Бурылтоғайға төрт адам жіберіп : «Біз Гансудан көмекке келдік, Құмыл азат болды, армиямыз Қожаниязбен бірігіп Үрімжіні қоршауға алды, енді мұсылман мемлекетін құрамыз»- деп үгіт айтады. Бұдан ілгері Уй Жыңгоға қарсы көтерілген Бурылтоғай еліне енді шақабай руының тәйжісі Жанымқан қосылады. Көтерілісшілер Әбитанға келгенде Уй Жыңгоның қытай, моңғол, орыстардан құралған әскері зеңбірекпен атып қарсы алғандықтан жеңіліп қашты. Осыдан соң Бурылтоғай елі Көктоғайға ауады, Уй жыңго әскері Қом қанаста 100 үйлік қазақтан (қаратай руы) 300 адамды жазықсыз қырып , әйелдер мен балаларды барымталап әкетеді. Қанапия бейсі алдын ала хабарланып Көктоғайға көшіп кетеді. Қазақ, ұйғыр, дүңгендерден құралған көтерілісшілер (1000 адам болуы мүмкін) Ламажау деген жерде тағы соғсып жеңіліп көп адам өледі. Орыс, моңғол әскерлері сол жылы Қаба ауданында тонаушылық жасап 30000 қой, 3000 ірі қараны бұлап алып , 22 адамды жазықсыз атып тастайды. Уй Жыңго ақыры Алтайдан шегінген соң Алтайда аз уақыт дүңген билігі орнап Сарсүмбеге Бұқат әкім болады. Қалаймақаншылық, талан-тараж өршіп елде аштық басталады. Шәріпқан Жеменейде күш топтап өз билігін жүргізеді. Осылайша дүңгендер Алтайда қазақтардан қолдау таппады, Шәріпқан Қабаға барғанда Ма Хыйың Сарсүмбеге қашты. Ақыры мыңнан артық әскермен Сауыр арқылы Тарбағатайға қашты, Жеменейдің Тосты деген жерінде Шәріпқанның әскерлерімен соғысып шығынға ұшырадыда Сауырдан асып Тарбағатайға өтіп кетті. Осы жылдардағы соғыс пен аштықтан Алтайда 4000 адам қаза тапты. Сол жылы (1933) жұт болып 2500 адам аштан, ауырудан қырылды. Ақыры 500 ден артық үй Моңғолия шегарасына барып қыстады(74) 1933 жылы Алтайда Шәріпқан көтеріліс жасап Бурылтоғай ауданын басып алады, Бұқат бейсіде жасақ құра бастайды. Олар Ма Хыиың әскерімен соғысып жеңеді, Алайда Ма хыйың әскері Өміртай ауылы, Сауырдағы Шәріпқан ауылын шауып, малдарын олжалап кетеді(75) 1933 жылы Алтайда жұт болып Моңғолияға мал қыстату үшін Молқы Қожақан, Шілдебай, Сарбас Күжі, жәнтекей Исаш, Темірші, Тәлпешбай ауылдары; шеруші Нұрғали, Үкібас ауылдары болып жиыны 600 үй Моңғолияға барып жағыдайларын айтады. 1934 жылы Моңғолия үкіметі осы елдерді ішкі жаққа көшірмек болады. Кенжебек деген қазақты бас етіп моңғол әскерлері оларды айдайды, амалсыз қалған ел Райыс, Ыбырайхан, Ортек, Мұсайып бастап ақылдасып Кенжебекті байлап алып Алтайға қаша көшеді. Қашқан ел қуған әскермен соғыса жүріп Кенжебекті атып тастайды. Алтайға барған соң артта жау қолында қалған малын іздеп, табылмағанына Моңғолиядан мал қуып әкеледі. Осыдан соң Моңғолия әскер шығарып, ұшақ шығарып Шіңгілге шабуыл жасайды, Шіңгілден ханкелді-секелден 100 адам ғана тірі қалып 540 тан аса адам моңғол әскерінің оғы мен әскери ұшақтың бомбасынан қырылады. Бұны ел «Байқадам шабылған», «ханкелді-секел қырылған»- деп атап кетеді. Кей айтылымдарда 800 ден аса адам қырылыған деседі. Осыдан соң екі мың үй Мори, Баркөлге барады (76) 1937 жылы Моңғолия қазақтарында зор қозғалыс болып, байлар мен феодал таптар қудаланып түрмеленеді. Х. Зардыханның мәліметінше 2000 дай адам атылып, 3270 адам жазаланған. Осыған байланысты біраз адамдар Моңғолиядан Баркөлге қашып барған. Жалпы Моңғолияда қазақ саны 21 мыңнан астам болған(77). 1940 жылы Манаста қазақ саны 1940 адам болады.
1944-1947 жылғы көштер
1940 жылы Есімқан, Рысқан бастаған Өр Алтай қазақтарының көтерілісі басталады. Бұл көтеріліс жыл соңында келісімге келіп уақытша тоқтағанымен 1941 жылы қайта басталып жеңіліспен аяқтағанымен Осыпан батырдың бастауында күрес жалғаса бердіде 1943 жылы Моңғолияның қолдауына ие болып 1000 нан аса қаруы бар қосын қалыптастырды. 1944 жылы көктемде Шіңгілді толық басып алды, 1944 жылы 24 қазанда «Алтай қазақтарының төңкерістік үкіметі» құрылды. 1944 жылы Буыршынның жарым елі, Сарсүмбе, Бурылтоғай елін Моңғолия арқылы Шіңгілге көшіріп әкеледі. 1944-1946 жылы Алтайда үлкен жұт болады, қуаңшылық болады. Сонымен бірге сүзек ауруы тарайды. Осы жылдары 300 ден аса үй Жүкей бастап Морйға келіп қоныстанады. Осыдан соң Моридағы қазақ саны 4109 адамға жетеді.(78)Осы жылы кей деректер бойынша Алтайда 2000 адам аштықпен ауырудан қырылған деседі.
1945 жылы күзде Оспан батырдың қосыны Алтайдың 90% жерін бақылауға алды, осы жылы қазанда Алтай үкіметі Құлжада құрылған «Шығыс Түркістан үкіметі» мен бірікті. Осы жылдары Алтайда неше жылға созылған соғыс пен тәбиғи апаттардың салдарынан ауыр жұт болдыда ел ауыр апатқа ұшырады. Әсіресе Санжыға іргелес Бурылтоғай, Көктоғай, Шіңгіл елі қыста Құбының құмына қыстап бара алмағандықтан қатарынан 2-3 жыл жұтқа ұшырады. 1946 жылы жазда «Шығыс Түркістан үкіметі» құлады. Оспан мен Кеңес одағы қолдаған «үш аймақ үкіметі» арасындағы қайшылық асқынды. 1946 жылы Оспан Гомин үкіметімен келіссөздер өткізе бастады, тағы олардан экономикалық көмек алды, бұлда елдің қамы үшін істелген іс еді. 1946 жылдың соңында үш аймақ әскері мен Оспан бөлімдері ара ашық қақтығыстар басталды.
1947- жылы көктемде Оспан 150 үйді бастап Бәйтікке шегінді. Сол жылы Әсен 100 ден аса үйді бастап барып Оспанға қосылса, Ләтіп 400 үйді бастап барып Оспанға қосылды.(79) 1947 жылы маусым айында Оспан Ләтіпті жіберіп Шіңгілден тағы 1000 нан аса түтінді көшіріп алды. Осылайша Шіңгілде Нәзірге қарасты бір бөлім ел мен Уатқанға қараған біраз ел болып жиыны 320 үй қалды...(80) 1947 жылы қыркүйекте Оспанның 1000 ға жуық қарулы қосыны Алтайға қайта кіріп үш аймақ армиясының Алтай атты полкі мен Қобық атты полкін ауыр шығынға ұшыратып Алтайды басып алды. Дәлелқан Сүгірбаев Тарбағатайға шегініп жане Кеңестер одағынан көмек алып 4-5 мың әскер топтап Алтайға шабуылға өтті. Төтеп бере алмайтынын білген Оспан Алтайдан шегіну бұйрығын түсіреді. «Оспан Алтайдан шегінерде (17- қазан) 3694 түтін 17 мыңнан аса адамды ертіп кетті, Бурылтоғай мен Көктоғайда азғана ел, Шіңгңлде тек он шақты түтін қалды(81). Үш аймақтың доклатта : 3694 үй , 17831 адам көшірілген.(Үш аймақ төңкерісі тарихы. Ұлттар баспасы. Пекин. 2000 ж) . Тағыбір деректе Оспан 19 мыңнан аса адамды көшіріп әкетті дейді. 1946 жылдың басында Алтайда қазақ саны 78844 адам болса, 1949 жылы 50042 адам қалған. Демек Оспанға еріп үш ауданнан 30000 дай адам Санжыға ауып кеткен. 1945- жылы жазтұрым Өр Алтайдан 110 үй, 370 адам қаша көшеді, оларды Гомин әскерлері жолдан тосып алып, Шонжыға айдап апарады. Жантүршүгерлік тергеу, аштық, қалағанынша өлтіру әрекеттерінен соң олардан тек 76 адам тірі қалады. Осы ауған елдің дені 1952-1957 жылдары Алтайға қайттыда, аз бөлімі Санжы жерінде қалып қойды.
Қожай Доқасұлы былай мәлімет береді: Алтай, Тарбағатай, Іле үш аймақта 383559 қазақ болған, Алтайда 53352 қазақ дейді, біз бұл санақтың 1944 жылы Көктоғай, Шіңгілдегі 30 мыңға таяу қазақ қамтылмаған санақ немесе 1947 жылы үш ауданнан көп ел ауғаннан кейінгі санақ деп қараймыз. Ал Іледе 22672 қазақ, Тарбағатайда 103180 қазақ болған.(82)Демек үш аймақта 410 мыңнан аса қазақ болған, ал Санжы, Үрімжі, Баркөлде 80-90 мың қазақ өмір сүрген.
1949- жылы коммунистік қытай билігі орнағанда бүкіл Шыңжаңда 500 мыңға жуық қазақ болса соның 100 мыңы осы Санжы, Үрімжі, Баркөлдегі қазақтар болатын. 1954 жылы осы Тәңіртау аймағын Іле, Алтай, Тарбағатайда құрылған Іле қазақ автономиялы облысы құрамына қоспай керісінше «Санжы дүңген автономиялы облысы» етіп құрды. Осы уақытқа дейін осы өңірде сан жағынан қазақтар ең көп ұлт саналатын. Тек Мори ауданына ғана «Мори қазақ автономиялы ауданы» -деген атау берді де шілде айында қазақ ұлттық ауданы ретінде құрылды, алайда Шонжы, Құтыби, Санжы аудандарындағы қазақтың саны жеке-жеке алғанда Моридағы қазақтан көп еді. Осылайша Санжыдағы қазақтар автономия ұқығына ие бола алмады, әр ауданда екіден- үштен қазақ ұлттық ауылдары құрылумен шектелді.
Баркөлге көшу
Баркөл сахарасы Гоб Алтаймен Тәңіртаудың арасындағы шүрайлы дала. 2000 жыл ілгері ғұнның сол қанат ханының ордасы тұрған жер. 13-14 ғасырда Шағатай ұлысы мен Моғолстанның жері болған, кейін ойраттар басып алған. Қазақтардың Баркөл сахарасына қоныс аударуы Бөкенің көшімен бірге басталды. «1883 жылы Алтайдан Ділдабай, Әмірті (Найман, терістаңбалы, Ділдабай Тарбағатайдан көшіп келген), Көкдарқан (керей), Жамысбай (керей, тасбике, Әліп үкірдайдың әкесі, Тибет асқан Елісқанның атасы) қатарлылар 90 нан астам үйді бастап Баркөлге көшіп келеді. Олар жазда Ақарқа, саршоқы өңірлерін жәйлайды. Қыста Башаңзы, Жасаң, Ашқараны қыстайды. 1887- жылы Шаяхымет Сымайылұлы(уақ), Жамысбай, Әмірті(тасбике руынан), Сыдық(Секел руынан), Жолынбай, Тәукебақ(Есдәулет руынан), Бапалақ(Қыстаубай руынан) болып жиыны 200 үйден аса қазақ Баркөлге көшіп келеді. 1895 жылы Қанатбай қайырбайұлы(жәдік), Шүленбай (сарбас) бастаған 200 үй Алтайдан Баркөлге көшіп келеді. 1903 жылы Қабимолла залың он үйді бастап Баркөлге көшіп келеді. (83) «1887-1895 жылдары жәдік Сабырбай, Қайырбай, тасбике Жамысбай, секел Сыдық, сарбас Шүленбай бастаған 700 үй ілгерінді-кейінді Баркөл сахарасына ауып барған.(84)
Жоғарыда Буратай (сарбас руынан), Ноғайбай(Шақабай руынан) 1912 жылы Баркөлге 1000-2000 үйді бастап көшіп келгенін айттық. Онан 1917 жылы Алтайдан Нұрғали (Шақабай руынан), Әйембет(Уақ руынан, жоғарыдағы Шәяхыметтің ұлы) қатарлылар 300 үйді бастап Баркөлге ауып келеді. 1924 жылы Моңғолия әскері кіші Шіңгіл, үлкен Шіңгілге кіріп, Секпілтай- Шаңқанға кіріп қазақтарды тонап қырғындайды, осыдан соң көп ел Баркөл, Шонжы, Мори жаққа ауып кетеді(85). 1927 жылы Шонжы, Моридан Әліп(Жамысбайдың ұлы) екі мың үйді бастап Баркөлге ауып келеді. (86) Демек Баркөл мен Санжының шығысында қазақтар бір жерді тұрақтап тұрмаған.
1933 жылы Бәйтік тауында тұрған Іргебай, Қасен бастаған көнсадақтар мен Нұрғазы бастаған уақтар 250 үй , 1000 нан аса адам Ма Жұңиың әскерінен қашып Шонжы қамалына паналамақ болғанда қамалдан оқ борап 600 адам қырылады. Осы оқиғадан кейін Мориды мекендеген Сабырбай, Алтынбек, Тұрабай, Қасбай, Ысқақбайлар бастаған 600 үй Баркөлге көшеді. (87) 1932-1935 жылдары сарбас Қабдолла, молқы Қапталбай бастаған 1000 үй, Есағасы Мажан, молқы Салахиттан, бастаған 300 үй, Ителі Іргебай, уақ Нұрғазы, , көнсадақ Қасендер бастаған 250 үй, Адубай, Тұрабай, Қасбайлар бастаған 600 үй, Құсайын бастаған наймандар, Солтаншәріп, Көки бастаған 300 үй Алтай, Шонжы, Жемсары, Моридан Баркөлге көшіп келеді. Осылайша Баркөлдегі қазақ саны 20 мыңнан асады, абақ керейлер 18 мың адам, наймандар 1200 адам, уақтар 560 адам болады (88) 1935 жылы Алтайдан шеруші Шәри зәңгі 30 үймен Баркөлге келіп артынан қайта Алтайға көшіп кетеді. 1936 жылы Шіңгілден Нәзір тәйжі Баркөлге көшпек болады, бірақ үкімет кедергі жасап Бәйтіктен кері қайтады (89)
1932 жылы Әліп үкірдай Құмыл көтерілісіне көмектескені, қатынасқаны үшін ауылында жасақ жоқ орайда қытай әскері басып қаладыда , Әліп ішінде117 адамды қырғындайды. Әліптің қлы Елісқан 200 қарулы жігітімен қайғылы оқиғаның үстінен түседі. Осыдан соң Елісқандар қытай әскерін қуып біразын өлтірседе әкесінің басын алып қала алмайды. Сонан Баркөлдегі қытайлардан неше жүз адамды қырғынға ұшыратады. 1934 жылы Әкесіне ас беріп келесі жылы Гансу Провинциясына көшеді, осылайша әлемге әйгілі «Тибет асқан қазақ көші» басталады. 20 мыңнан аса адам көшеді, 1941 жылы олардае Индияға 3039 адам жетеді, Тибет жонында 3000 ға жуық адам ыстан, соғыстан өледі, Индияда 1500 дей адам тірі қалып қалғаны ыстықтан, обадан қырылады. Ал 1947-1948 жылы осы Гансу, Цинхайдан Шыңжаңға 5500 адам қайта көшедіде, Гансуда 200 дей адам, Цинхайды 1200 дей адам қалады. Қалған қазақтар Ма Буфаң бастаған дүнген армиясының қанды қырғынынан, аштықпен ауырудан қырылады, жалпы 11 мыңнан аса адамның түтіні өшкен.
1949 жылы Баркөл ауданындағы қазақтар туралы мәлімет:
1948 жылы 22 мамыр
| Рулар | Ру басылар | Түтін саны | Мал саны | Мылтық саны |
| Жәнтекей | Топанқұл | 207 | 86 | |
| Ителі | Сәдуақас | 198 | 80 | |
| Молқы | Мысырқан | 99 | 51 | |
| Сарбас | Машан | 120 | 83 | |
| Жәдік | Ақай | 99 | 52 | |
| Шеруші | Қабылаш | 89 | 41 | |
| Қарақас | Қатай | 78 | 48 | |
| Найман | Өмірбай | 51 | 39 | |
| Жәдік | Ахымет | 33 | 30 | |
| Сарбас | Сыбан | 56 | 69 | |
| Ителі | Керім | 106 | 97 | |
| Жәнтекей | Малсақ | 165 | 153 | |
| Сұлтан тәйжі | 201 | 184 | ||
| Жиыны | 33593 | 1013 |
(90) 1954 жылы 2 сәуірде бұрынғы Баркөл округінің алғашқы халық съезі автономиялық округ құруға дайындық мақсатында өтті. 1 қазанда «Баркөл қазақ автономиялық округ» ресми түрде құрылды. Халық үкіметінің алғашқы төрағасы Зәріп (қазақ), ал төрағаның орынбасары Ван Пэйцзинь (хань) болды. Халық үкіметі комитеті он тоғыз мүшеден тұрды, оның ішінде Чжан Чжикуань болды, оның он мүшесі қазақ, жеті хань, бір моңғол және бір ұйғыр болды. 1957 жылы Кәбен, Алтынбек бастаған ел Гансуден Баркөлге қайта көшіп келді. Жалпы келтірілген мәліметтер тек дерекке, архивке түскендері, жалпы Шығыс Қазақстан мен Алтайдан өзге өңірге көшкендердің дерекке түспегендерініңде көп екеніне дау жоқ.
Әдебиеттер:
- Ғани Қаратасев. Қазақстанның шығыс өңірі XVIII-XX ғасыр басындағы батыс, орыс зерттеушілері шығармаларында, ғылыми-көпшілік басылымдары деректерінде . Медиа-Альянс, 2006
- Алтыбаев, Қ. Атамекен Зайсан. 51 бет
- Қажынаби Уәлиұлы . Абақ керей. Шыңжаң тарихы материялдары . 13- том. 5- бет
- Қарасаев, Ғани. Қазақстанның шығыс өңірі XVIII-XX ғасыр басындағы батыс, орыс зерттеушілері шығармаларында, ғылыми-көпшілік басылымдары деректерінде
- Қарасаев, Ғани. Қазақстанның шығыс өңірі XVIII-XX ғасыр басындағы батыс, орыс зерттеушілері шығармаларында, ғылыми-көпшілік басылымдары деректерінде. 158-159
- К. Төлемісұлы. Шұбартау тарихы. 72 бет
- https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D1%80%D2%9B%D0%B0%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B_%D1%81%D1%8B%D1%80%D1%82%D2%9B%D1%8B_%D0%BE%D0%BA%D1%80%D1%83%D0%B3%D1%96
- https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B_%D0%B1%D0%BE%D0%BB%D1%8B%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%80%D1%8B_%D1%82%D1%96%D0%B7%D1%96%D0%BC%D1%96
- Қажынаби Уәлиұлы. Абақ керей. Шыңжаң тарихы материялдары . 13- том. 5-6 бет
- Шыңжаңның жергілікті тарихы. 421-422 беттер. Шыңжаңуниверситеті. 1997. Үрімжі
- Шыңжаң қазақтарының көші-қон тарихы. 109-110 беттер. Ұлттар баспасы. Пекин. 1999
- Шыңжаң қазақтарының көші-қон тарихы. 111 беттер. Ұлттар баспасы. Пекин. 1999
- Ғани Қаратасев . Қазақстанның шығыс өңірі XVIII-XX ғасыр басындағы батыс, орыс зерттеушілері шығармаларында, ғылыми-көпшілік басылымдары деректерінде. 113- бет
- Ғалым Баймұратов. Шежірелі шығыс өңірі. 95-96 беттер
- Шыңжаң қазақтарының көші-қон тарихы. 112-113 беттер. Ұлттар баспасы. Пекин. 1999
- 吴福环主编. 新疆的历史及民族与宗教. 北京:民族出版社. 2009-07: 61. ISBN 978-7-105-10141-2.)
- Ислам Қабышұлы. Моңғолия қазақтарының тарихы. 36 бет
- Асқар Татанай. Тарихи дерек, келелі кеңес. 2- том. 9 бет . Шыңжаң халық баспасы. Үрімжі. 1996
- Шыңжаң қазақтарының көші-қон тарихы. 109-110 беттер. Ұлттар баспасы. Пекин. 1999
- Абақ керей. Қадыс Жәнәбіл, Қоңырқан Жусанбай. 137 бет. Іле халық баспасы. 2008. Күйтің
- Қажынаби Уәлиұлы. Абақ керей. Шыңжаң тарихы материялдары . 13- том. 8- бет
- Абақ керей. Қадыс Жәнәбіл, Қоңырқан Жусанбай . 107 . бет. Іле халық баспасы. 2008. Күйтің
- Асқар Татанай. Тарихи дерек, келелі кеңес. 1- том 110-113 беттер. Шыңжаң халық баспасы. Үрімжі. 1996
- Абақ керей. Қадыс Жәнәбіл, Қоңырқан Жусанбай . 107-108 беттер. Іле халық баспасы. 2008. Күйтің
- Қажынаби Уәлиұлы. Абақ керей. Шыңжаң тарихы материялдары . 13- том. 8- бет
- Шыңжаң қазақтарының көші-қон тарихы. 108 бет. Ұлттар баспасы. Пекин. 1999
- Баймолда Қарекеұлы. Қизат Әубәкірұлы. 13- бет. Ұлттар баспасы. Пекин. 2005
- Абақ керей. Қадыс Жәнәбіл, Қоңырқан Жусанбай. 52 бет. Іле халық баспасы. 2008. Күйтің
- Бөке батыр. Шәміс Құмарұлы.30 бет. Ұлттар баспасы. Пекин. 2002
- Бөке батыр. Шәміс Құмарұлы. 40-44 беттер. Ұлттар баспасы. Пекин. 2002
- Бөке батыр. Шәміс Құмарұлы. 46 бет. Ұлттар баспасы. Пекин. 2002
- Бөке батыр. Шәміс Құмарұлы. 48-49 беттер. Ұлттар баспасы. Пекин. 2002
- Бөке батыр. Шәміс Құмарұлы. 58-65 беттер. Ұлттар баспасы. Пекин. 2002
- Асқар Татанайұлы. Тарихи дерек, келелі кеңес. 170- бет. Шыңжаң халық баспасы. Үрімжі. 1989
- Шыңжаң қазақтарының көші-қон тарихы. 109-110 беттер. Ұлттар баспасы. Пекин. 1999
- Алтыбаев, Қ. Атамекен Зайсан. 51 бет
- Қажынаби Уәлиев. Абақ керей. Шыңжаң тарихы материялдары . 13- том. 6- бет
- Абақ керей. Қадыс Жәнәбіл, Қоңырқан Жусанбай. 108-111-112. Іле халық баспасы. 2008. Күйтің
- Қазақтың қысқаша тарихы. Нығымет Мыңжан. 561 бет
- Бабалар сөзі. 27 том. Тарихи жырлар. Бөке батыр. 229-230 беттер. Әдебиет және өнер ин-ты- Астана : Фолиант , 2006
- Қажынаби Уәлиев. Абақ керей. Шыңжаң тарихы материялдары . 13- том. 8- бет
- Асқар Татанай. Тарихи дерек, келелі кеңес. 136-137. Шыңжаң халық баспасы. Үрімжі. 1989
- Шыңжаң қазақтарының көші-қон тарихы. 13 бет. Ұлттар баспасы. Пекин. 1999
- 吴福环主编. 新疆的历史及民族与宗教. 北京:民族出版社. 2009-07: 61. ISBN 978-7-105-10141-2.)
- Шыңжаң қазақтарының көші-қон тарихы. 111 бет. Ұлттар баспасы. Пекин. 1999
- Шыңжаң қазақтарының көші-қон тарихы. 111 бет. Ұлттар баспасы. Пекин. 1999
- Шыңжаң қазақтарының көші-қон тарихы. 113 беттер. Ұлттар баспасы. Пекин. 1999
- Қажынаби Уәлиев. Абақ керей. Шыңжаң тарихы материялдары. 15 бет
- Қажынаби Уәлиев. Абақ керей. Шыңжаң тарихы материялдары. 13 том. 15-16 бет
- Қажынаби Уәлиев. Абақ керей . Шыңжаң тарихы материялдары. 13 том. 9-13 беттер
- Urgungge Onon; Derrick Pritchatt. Asia's First Modern Revolution: Mongolia Proclaims Its Independence in 1911 [亚洲的首次现代革命 蒙古1911年宣告独立]. Brill. 1989-12-01 [2024-08-16]. ISBN 9789004083905. (原始内容存档于2025-01-15) (英语
- 《宣统政纪》. : 卷六五、卷六九] 29 желтоқсанда[周学军; 白剑光. 《库伦独立始末记》订误. 内蒙古社会科学. 2000年, (第6期) [2019-06-25].]
- 梁鹤年. 《库伦独立始末记
- А.А. Сизова. КОНСУЛЬСКАЯ СЛУЖБА РОССИИ в МОНГОЛИИ (1861–1917) (PDF). МОСКВА. 2015 [2022-04-23]. ISBN 978-5-02-036596-4.]
- Ховдыг чөлөөлөх байлдаан. Tolgoilogch.mn. [2021-06-20].
- Қазақстан тарихы моңғол деректемелерінде. 3- том. 78-79 беттер
- Шыңжаң тарихы материялдары. 13 том. Қажынаби Уәлиев. Абақ керей .13-14 беттер
- Қазақстан тарихы туралы моңғол деректемелері. 3- том. 70 бет.
- Шыңжаң қазақтарының көші-қон тарихы. 113-114 беттер. Ұлттар баспасы. Пекин. 1999
- Шыңжаң қазақтарының көші-қон тарихы. 113беттер. Ұлттар баспасы. Пекин. 1999
- Абақ керей. Қадыс Жәнәбіл, Қоңырқан Жусанбай.115 бет . Іле халық баспасы. 2008. Күйтің
- Абақ керей. Қадыс Жәнәбіл, Қоңырқан Жусанбай. 62 бет . Іле халық баспасы. 2008. Күйтің
- Абақ керей. Қадыс Жәнәбіл, Қоңырқан Жусанбай.116 бет . Іле халық баспасы. 2008. Күйтің
- Шыңжаң тарихы материялдары. 13 том. Қажынаби Уәлиев. Абақ керей 22-23 беттер
- Шыңжаң тарихы материялдары. 13 том. Қажынаби Уәлиев. Абақ керей 72 беттер
- Абақ керей . Қадыс Жәнәбіл, Қоңырқан Жусанбай.117бет . Іле халық баспасы. 2008. Күйтің
- Асқар Татанайұлы. Тарихи дерек, келелі кеңес.178 бет. Шыңжаң халық баспасы. Үрімжі. 1989
- Қазақстан тарихы туралы моңғол деректемелері. 3- том. 72 бет
- Абақ керей. Қадыс Жәнәбіл, Қоңырқан Жусанбай.113бет . Іле халық баспасы. 2008. Күйтің
- Абақ керей. Қадыс Жәнәбіл, Қоңырқан Жусанбай.120 бет . Іле халық баспасы. 2008. Күйтің
- Қазақстан тарихы туралы моңғол деректемелері. 3- том. 73-74 беттер
- Шыңжаң жергілікті тарихы. 586 бет7 Шыңжаңуниверситеті. 1997. Үрімжі
- Шыңжаң тарихы материялдары. 13 том. Қажынаби Уәлиев. Абақ керей. 27 бет
- Шыңжаң тарихы материялдары. 13 том. Қажынаби Уәлиев. Абақ керей. 33-43 беттер
- Асқар Татанай. Тарихи дерек, келелі кеңес.195 бет. Шыңжаң халық баспасы. Үрімжі. 1989
- Абақ керей. Қадыс Жәнәбіл, Қоңырқан Жусанбай.120-125 бет. Іле халық баспасы. 2008. Күйтің
- Қазақстан тарихы моңғол деректемелерінде. 3- том. 72 бет
- Шыңжаң қазақтарының көші-қон тарихы. 115 беттер. Ұлттар баспасы. Пекин. 1999
- Шыңжаң тарихы материалдары. 13 том. 79-80 беттер
- Абақ керей. Қадыс Жәнәбіл, Қоңырқан Жусанбай.126 бет. Іле халық баспасы. 2008. Күйтің
- Абақ керей. Қадыс Жәнәбіл, Қоңырқан Жусанбай. 127 бет. Іле халық баспасы. 2008. Күйтің
- Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы. 14 том. Үш аймақ қозғалысы. 158 бет
- Шыңжаң қазақтарының көші-қон тарихы. 124-125 беттер. Ұлттар баспасы. Пекин. 1999
- Абақ керей. Қадыс Жәнәбіл, Қоңырқан Жусанбай. 113 бет. Іле халық баспасы. 2008. Күйтің
- Шыңжаң қазақтарының көші-қон тарихы. 134 беттер. Ұлттар баспасы. Пекин. 1999
- Шыңжаң қазақтарының көші-қон тарихы. 127-128 беттер. Ұлттар баспасы. Пекин. 1999
- Шыңжаң қазақтарының көші-қон тарихы. 128 беттер. Ұлттар баспасы. Пекин. 1999
- Шыңжаң қазақтарының көші-қон тарихы. 130-131 беттер. Ұлттар баспасы. Пекин. 1999
- Шыңжаң қазақтарының көші-қон тарихы. 132 беттер. Ұлттар баспасы. Пекин. 1999
- Шыңжааң қазақтарының көші-қон тарихы. 35 бет. Ұлттар баспасы. Пекин. 1999
Ерзат Кәрібай
Abai.kz