Жұма, 30 Қаңтар 2026
Жаңалықтар 174 0 пікір 30 Қаңтар, 2026 сағат 14:35

Еріктілер қозғалысын дамыту – маңызды міндет!

Сурет: Ақорда сайтынан алынды.

Мемлекет басшысы бизнес өкілдері корпоративтік волонтерлік қызметке назар аударып, осы бағыттағы жобаларға қолдау көрсетуі тиіс деп санайды.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде отаншыл азаматтарға арналған "Мейірім" ордені тағайындалғанын жеткізді.

"Корпоративтік еріктілер қозғалысын дамыту – өте маңызды міндет. Бизнес әлеуметтік жауапкершілікті сезіне білуге тиіс. Мемлекетіміз ұлттық буржуазияны үнемі қолдауда, ал біздің кәсіпкерлер халқымызға қамқор болып, әрдайым көмектесуі керек.

Тарихта мұндай мысалдар аз емес. Бақуатты азаматтар мектеп салып, оқу-ағарту ісін дамытуға үлес қосқан. Кітаптар, газет-журналдар шығаруға, халықтың сауатын ашуға зор еңбек сіңірген. Бір сөзбен айтқанда, ұлттың бойында, болмысында жаңа қасиеттер қалыптастыруға белсене атсалысқан.

Қазір де көптеген жомарт жанды азаматтарымыз бар. Олар қайырымдылық және басқа да әлеуметтік маңызы бар шараларға еріктілерді көптеп тартатын болды.

Бизнес өкілдері корпоративтік волонтерлік қызметке назар аударып, осы бағыттағы жобаларға барынша қолдау көрсетуі керек. Қызметкерлердің қоғамдық жұмысқа белсене атсалысуына жағдай жасауы қажет.

Мемлекет жұртқа жақсылық жасап, қоғамдық істерге ұйытқы болып жүрген кәсіпкерлерді қолдайды.

Сондықтан мен былтыр арнайы "Мейірім" орденін тағайындау туралы шешім қабылдадым. Бұл марапат халықтың қамын ойлайтын отаншыл азаматтарға деген шынайы құрметтің белгісі болмақ", – деп мәлімдеді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Abai.kz

0 пікір