Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1456 0 пікір 9 Ақпан, 2026 сағат 14:27

Жапония: Такаичи тағы жеңді...

Сурет: aparc.fsi.stanford.edu сайтынан алынды.

Жапонияда өткен кезектен тыс сайлау нәтижесі бойынша, премьер-министр Санаэ Такаичи басқаратын Либерал-демократиялық партия жеңіске жетті.

Консервативтік коалиция парламенттің төменгі палатасындағы орындардың үштен екісінен астамын иеленіп, шешуші дауысты өзі қабылдай алатын мүмкіндікке ие болды.

1955 жылы құрылған ЛДП тарихында бұрын-соңды мұндай жоғары көрсеткіш болмаған.

Бақылаушылар биліктегі консервативтік партияның мұндай жеңісін көбіне Такаичидің жеке басының танымалдығымен байланыстырады. Бұған дейін парламентте 167 мандатқа ие болып келген негізгі оппозициялық күш – центристік реформаторлық альянс сайлауда ойсырай жеңілді: дауыс беру қорытындысына сәйкес, небәрі 49 орын алған.

Дереккөзі: Азаттық радиосы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1018
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2561
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 711
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 677