Шетелдік блогерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Қазақстандық қыздарды бәдік сөзбен қорлаған шетелдік блогерлерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы (Ұлтаралық араздықты қоздыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ҚР Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев айтты.
«Оларға (қазақ әйелдері мен қыздарын қорлаған блогерлер) ұсақ бұзақылық жасады деген айып тағылып, 15 тәулікке қамауға алынды. Сонымен бірге, біздің полиция, атап айтқанда Ішкі істер министрлігі 174-бап – ұлтаралық араздықты қоздыру бойынша тергеу жүргізіп жатыр», - деді Қойгелдиев.
Бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары шетелдік стримерлердің қазақ әйелдері мен қыздары туралы айтқан былапыт пікірлеріне наразылығын білдірген болатын.
Abai.kz