Бейсенбі, 12 Ақпан 2026
Жаңалықтар 118 0 пікір 12 Ақпан, 2026 сағат 15:19

3 жылда қауіпті өндірістік нысандарда 67 апат тіркелген

Сурет: kaz.inform.kz сайтынан алынды.

Қазақстанда мемлекеттік бақылау аясында шамамен 10 мың өнеркәсіптік кәсіпорын және 200 мыңнан астам қауіпті өндірістік объект тіркелген. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Ерболат Садырбаев хабарлады.

— Қауіпті өндірістік объектілердің ең көп саны мұнай-газ өндіру саласында — 71 158. Көтергіш құрылғылар — 26 014, мұнайхимия және мұнай өңдеу — 20 468, тау-кен өнеркәсібі — 18 407, қазандық шаруашылығы — 17 484 нысан, — деді Ерболат Садырбаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің айтуынша, арнайы комитет пен аумақтық бөлімшелер 11 мемлекеттік қызмет көрсетеді. 2025 жылы барлығы 11 685 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

— Соңғы үш жылда қауіпті объектілерде 67 апат тіркелді. Ең көп апат тау-кен саласында — 10, мұнай-газ өндіруде — 14, газ шаруашылықтарында — 10, көтергіш құрылғыларда — 11 болды. Бұл өнеркәсіптік қауіпсіздікті жүйелі бақылаудың маңызды екенін көрсетеді, — деді ол.

Abai.kz

0 пікір