Дүйсенбі, 16 Ақпан 2026
Жаңалықтар 135 0 пікір 16 Ақпан, 2026 сағат 13:14

Қазақстанда көмір қоры 4,5 млн тоннадан асты 

Сурет: Егемен Қазақстан сайтынан алынды.

Барлық жылу орталықтары мен қазандықтарда 4,5 млн тоннадан астам көмір қоры бар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға жоғары. Желтоқсан айында ол 5 млннан да артық болған. Бұл туралы ҚР Энергетика Вице-Министрі Сұңғат Есімханов орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында айтты.

Жылыту маусымы бастылғаннан бастап 7,5 млн тонна көмір жоcпардан артық өңірлерге жеткізілді.

Жалпы, ағымдағы жылыту маусымында коммуналдық-тұрмыстық сектор мен халықтың көмірге деген қажеттілігі 7,46 млн тоннаны құрайды. Бүгінгі күні 7,68 млн тонна немесе жылдық жоспардың 103%-ы орындалды,-деді ол.

Жоспардан артық қор жинақталуы өңірлердегі ауа температурасының төмендеуіне байланысты жүзеге асқан.

Энергетика министрлігі өңір әкімдіктерімен, Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ, көмір өндіруші кәсіпорындармен бірлесіп Республикалық штабтың күнделікті отырыстарын өткізуде.

Жауапты органдар көмір қорын қалыптастыру, тасымалдау және энергетикалық қауіпсіздікті сақтау бағытындағы шараларды күнделікті бақылауда ұстап отыр.

Abai.kz

0 пікір