Сәрсенбі, 18 Ақпан 2026
Ел іші... 120 0 пікір 18 Ақпан, 2026 сағат 11:41

ҰҚК Жақсылық Омарды ұстады. Тергеу жүргізілуде...

Сурет: baq.kz сайтынан алынды.

ҰҚК ШҚО әкімінің бірінші орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.  Сөз - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омар туралы болып отыр.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Бұл туралы ҰҚК-ның баспасөз қызметі хабарлады.

- Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпаратты жариялай алмаймыз, - делінген ведомство хабарламасында.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде шенеуніктің ұсталғаны туралы ақпарат тараған. Алайда бұл мәліметтерге ресми растау болған жоқ. Құқық қорғау органдары да ұстау жайлы ақпаратқа қатысты пікір білдірмеді.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде де бұл мәселеге қатысты ресми деректердің жоқ екенін мәлімдеген. Сондай-ақ сол кезде шенеуніктің денсаулығына байланысты уақытша еңбек демалысында жүргені айтылған.

Жақсылық Омар 2025 жылдың қараша айының соңында Өскемен қаласының әкімі қызметінен кеткен. Кейін ол Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалған.

Ашық дереккөздерге сүйенсек, бұған дейін ол "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясында жұмыс істеген, ШҚО әкімінің көмекшісі болған, өңірдің мәдениет басқармасын басқарған, сондай-ақ Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Abai.kz

 

0 пікір