Header Banner
Жексенбі, 15 Наурыз 2026
Жаңалықтар 183 0 пікір 15 Наурыз, 2026 сағат 11:45

Референдум: Қарағанды облысы көш бастап тұр!

Сурет: ҚР ОСК сайтынан алынды.

Бүгін елімізде жаңа Конституция бойынша жалпыхалықтық референдум өтуде.

ҚР орталық референдум комиссиясы республика бойынша азаматтардың дауыс берудегі белсенділігі жайлы аралық есепті жариялады. Ол бойынша, Қарағанды облысы азаматтардың дауыс беруге келу көрсеткіші бойынша көш бастап тұр. Мұнда сағат 10:00-дегі есеп бойынша, Қарағанды облысы 26,64% нәтиже көрсеткен.

Орталық референдум комиссиясының есебі бойынша, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 10:00 жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың келуі төмендегідей нәтижені көрсетті:

Абай облысы 17,98%

Ақмола облысы 19,82%

Ақтөбе облысы 21,80%

Алматы облысы 18,10%

Атырау облысы 19,44%

Батыс Қазақстан облысы 18,80%

Жамбыл облысы 18,49%

Жетісу облысы 21,01%

Қарағанды облысы 26,64%

Қостанай облысы 19,24%

Қызылорда облысы 24,02%

Маңғыстау облысы 18,53%

Павлодар облысы 16,36%

Солтүстік Қазақстан облысы 18,72%

Түркістан облысы 21,21%

Ұлытау облысы 20,31%

Шығыс Қазақстан облысы 20,64%

Астана қаласы 20,68%

Алматы қаласы 9,54%

Шымкент қаласы 21,36%

Жалпы, сағат он нөл-нөлдегі жағдай бойынша Республиканың 2 393 844 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 19,21% құрады.

Abai.kz

0 пікір