Дүйсенбі, 6 Сәуір 2026
Жаңалықтар 106 0 пікір 6 Сәуір, 2026 сағат 13:02

Шекарамызға жақын: Қытайда аусыл індеті тіркелді

Сурет: eldala.kz сайтынан алынды.

Қытайда Қазақстан мен Ресей шекарасына жақын аумақта аусыл індеті тіркелді, - деп жазады Азаттық радиосы.

Қытайдың ауыл шаруашылығы министрлігі елдің солтүстік-батысындағы аймақта ірі қара мал арасында аусыл індеті тіркелгенін хабарлады.

Reuters ведомствоның дерегіне сүйене отырып, індет Ганьсу провинциясы және Шыңжаң ұйғыр автономия өлкесінде анықталғанын жазды. Аталған өңір Қазақстан және Ресеймен шектеседі.

Ведомствоның хабарлауынша, аусыл аймақтағы жалпы саны 6229 бастан құралған екі табын арасындағы 219 сиырдан анықталған. Ауырған мал жойылған, карантин шаралары енгізілген.

Қытай билігінің хабарлауынша, жануарларда Қытайда пайдаланылатын екпеге төзімді қатты жұғатын штамм анықталған. Олар мұндай штамм Қытайға "шетелден келген" деп санайды.

Abai.kz

0 пікір