Бейсенбі, 9 Сәуір 2026
Жаңалықтар 121 0 пікір 9 Сәуір, 2026 сағат 14:58

Бензин бағасына қойылған мораторий уақыты бітті

Сурет: SN.kz сайтынан алынды.

Елімізде ең көп қолданылатын жанармай түрлеріне қатысты жарты жылға созылған баға мораторийі аяқталды.

Энергетика министрлігі Аи-92 және дизель отынына белгіленген шекті бағалар 2025 жылдың қазанынан 2026 жылдың 31 наурызына дейін сақталғанын, енді нарық еркін баға белгілеуге көшкенін хабарлады. 

Сарапшылар енді айына кемі 1 теңге баға өсімі болатынын айтты. Ал, энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов жанармай қорына қатысты пікір білдірді.

Ведомство өкілі жанар-жағармай бағасы сұраныс пен ұсынысқа байланысты қалыптасатынын еске салды. Оның айтуынша, баға өзгеріп жатқан жоқ.

"Қазіргі таңда тапшылық жоқ. Елде 600 мың тоннаға жуық бензин және 600 мың тонна дизель отыны бар. Қор жеткілікті. Ішкі нарықта тапшылық болмағандықтан, жанар-жағармай бағасының өсуі де байқалмайды", – деді Санжар Жаркешов тілшілердің сауалына берген жауабында.

Республикада жанар-жағармай бағасына тұрақты мониторинг жүргізілетіні айтылды. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бұл мәселені бақылауда ұстап отыр. Вице-министр бағаның негізсіз әрі күрт өсуіне жол берілмейтінін жеткізді.

Abai.kz

0 пікір