Украина әуе шабуылында ырықты орынға шықты!
Наурыз айында Украинаның Ресейге қарсы әуе шабуылы Ресейдікінен дәлдігі мен жиілігі жағынан әлде қайда көп болған. Екі тарап жариялаған сандарды тәуелсіз түрде растау мүмкін болмаса да, Ресей мен Украина да жетістіктері туралы асыра сілтеседе, бұл үрдіс бірден көзге ұрып тұр.
Украина мен Ресей де шабуылдар туралы күнделікті статистиканы жариялағанымен, қарсы жаққа ұшырылған дрондар мен зымырандар санын айта бермейді.
Ресей Қорғаныс министрлігі наурыз айында 7347 украиналық дронның жойылғанын, яғни күніне орта есеппен 237 дроннан айналғанын хабарлады. Украина әуе күштері наурыз айында Ресей күштері Украинаға 6462 дрон мен 138 түрлі зымыран ұшырғанын мәлімдеді. Украина дрондардың шамамен 90%-ын, зымырандардың 73%-ын атып түсірген.
Германияға қоныс аударған ресейлік әскери сарапшы Николай Митрохин екі тараптың екі түрлі тактика таңдағанын айтады: Ресей Украинаның әуе қорғанысын сарсаңға салу үшін кейде кең көлемді шабуылдар жасайды, кейде тіпті 24 наурыздағыдай күніне мыңға жуық дрон ұшырады. Ал Украина, керісінше, әр түнде дерлік 250-ден 400-ге дейін дрон жібереді.
Сарапшы Ресейдің басты мәселесі «әуе қорғанысы зымырандарының қорыының азаюында» деп санайды. Бұл қиын жағдайды Кремльдің ұстанымын қолдайтын Сладков пен Рыбар сияқты әскери блогерлер де ашық түрде атап өтті. Салдары қазірдің өзінде айқын біліне бастаған. Митрохин: «Егер бұрын украиналық дрондар бір түнде тек бір нысананы жоя алса, қазір олар кем дегенде төртеуін жойып жатыр», - дейді. Ол сондай-ақ Ресейдің тағы бір әлсіздігіне: шабуыл зымырандарының жетіспеушілігіне де назар аударды. Наурыз айында Ресей Украинаға тек 138 шабуыл зымыранын ұшырған, ал алдыңғы айда бұл көрсеткіш 288 болған.
475 мың оқырманы бар Кремльшіл блогер Сергей Колясников «украиналық дрондардың жаңа буынының» шабуылға шығуына алаңдаушылық білдіріп, олардың «күні-түні жұмыс істей алатынын, дыбыссыз екенін әрі нысанаға жақындар соңғы бірнеше секундта ғана дыбыс шығаратынын» мәлімдеді. Оларды кәдімгі детекторлар анықтай алмайды және электрондық қарсы шаралар әсер етпейді». «Зергулио» бүркеншік атын қолданған блогер «жоғары сапалы, көптеп өндірілген мұндай әскери дрондар жасанды интеллектпен басқарылуы мүмкін» деген болжам жасады. Өзге ресейлік бақылаушылар сияқты, ол да бұл дрондар Ресей әуе кеңістігінде жұмыс істейтін Starlink терминалдарымен жабдықталғаные айтты. Ақпан айынан бастап Ресей әскери күштері бұл АҚШ спутниктік байланыс жүйесін пайдалана алмады.
Украинаның «Dronebomber» Telegram арнасы соғыстың толқыны Украинаның пайдасына өзгерді деп санайды. Бұл арна әуе шайқасын талдауға маманданған сарапшылардан құрам тапқан. Оның өкілі Le Monde басылымына Киев армиясы «наурыз айынан бері Ресей армиясына қарағанда шамамен 3000 дронға артық ұшырғанын» айтты. Оның пікірінше, ресейліктер атып түсірілген украинаның ұшқышсыз ұшу аппараттарының жойылу көрсеткішін 15%-дан 25%-ға дейін «асыра көрсеткен».
Арна сарапшылары ресейлік әуе қорғаныс зымырандарының жетіспеушілігін де атап өтіп, оны бірнеше факторлармен байланыстырды: біріншіден, Ресей әлі күнге дейін Иранға зымырандар мен Панделев әуе қорғаныс жүйелерін жеткізіп жатыр; екіншіден, Украина Ресейдің Панделев әуе қорғаныс жүйелерінің жартысын жойды. Дегенмен, украин сарапшылары Ресейдің әуе қорғаныс жүйелері дрондарға қарсы ең тиімді қорғаныс құралдарының бірі болып қала беретінін және Ресей сияқты кең аумақты қамту физикалық тұрғыдан мүмкін емес екенін атап өтті.
Мәскеу соғыстың алғашқы кезеңдерінде қару-жарақ пен жауынгерлік тәжірибеде басымдыққа ие болды. Киев стратегиясын түзетуге, өз қаруын жасауға және жаппай өндіріске қол жеткізуге екі жыл жұмсады. Украинаның әуе шабуылы 2024 жылдың қаңтарында ғана ресми басталды. Reuters агенттігінің бағалауы бойынша, Ресейдің экспорттық әлеуетінің 40%-дан астамы әуе шабуылынан жойылып, әлемдік энергия бағаларына әсер еткен.
Abai.kz