Жұма, 4 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1396 0 пікір 15 Сәуір, 2026 сағат 15:26

Израиль мен Ливан тікелей келіссөз өткізді

Сурет: dw.com сайтынан алынды.

14 сәуірде Вашингтонда АҚШ арағайындығымен Израиль мен Ливан дипломаттары отыз жылдан астам уақыттан бергі алғашқы жоғары деңгейдегі бетпе-бет кездесуді өткізді.

АҚШ мемлекеттік департаментінде алдымен АҚШ–Израиль–Ливан үшжақты сессиясы өтіп, кейін екіжақты келіссөз жабық форматта жалғасты.

Израиль елшісі бұл диалогты "өте жақсы пікір алмасу" деп бағалап, тараптар "Хезболлаға" қатысты қауіпсіздік мәселелерінде ортақ ұстаным іздеуге мүдделі екенін айтты.

АҚШ бұл кездесуді қысқа мерзімді деэскалация ғана емес, Ливанның оңтүстігіндегі ұзақмерзімді тұрақсыздық себептерін талқылауға арналған тарихи мүмкіндік деп сипаттады.

Израиль тарапы негізгі назарды "Хезболланы" қарусыздандыруға аударып отыр. Ливан әзірге кездесу жайлы ресми комментарий берген жоқ.

Дереккөзі: Азаттық радиосы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 820
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2171
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 553
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 529