Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1293 0 пікір 21 Сәуір, 2026 сағат 15:50

Қазақстандықтар 30 тамызда демалмайды 

Сурет: GOV.KZ сайтынан алынды.

Наурыз айында елде жаңа Конституция қабылданды, осыған байланысты тамыздағы демалыс күні автоматты түрде күшін жойды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Үкіметтегі брифингте "Қазақстандықтар 30 тамызда демала ма?" деген сұраққа жауап берді.

Бұған дейін 30 тамызда қазақстандықтар Конституция күнін атап өтетін, сондықтан бұл күн демалыс болып келген. Алайда биыл наурыз айында елде жаңа Конституция қабылданды, осыған байланысты тамыздағы демалыс күні автоматты түрде күшін жойды. Мәселе – "Еңбек министрлігі бұл өзгерістерді заңнамалық тұрғыда бекітіп үлгере ме?" деген сауал төңірегінде болды.

30 тамызда қандай мереке бар? Демалыс болмайды. Бұл күн жойылады, өйткені жаңа Конституция бар, басқа күн белгіленген. 30 тамыз – жұмыс күні болады, – деп қысқа қайырды Ертаев.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 851
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2239
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 568
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 547