Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2110 0 пікір 24 Сәуір, 2026 сағат 14:22

Қазақстанда ана өлімі 35%-ға төмендеді

Сурет: massaget.kz сайтынан алынды.

Соңғы бес жылдың ішінде Қазақстанда ана өлімі 35% азайды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Астанада өткен Орталық Азиядағы әйелдер мен жастар денсаулығына климаттық және экологиялық қауіптердің әсеріне арналған халықаралық сессияда мәлімдеді.

Қазақстанда соңғы бес жылдың ішінде ана өлімін 35% төмендетуге, сондай-ақ ана мен бала денсаулығының негізгі көрсеткіштерін жақсартуға қол жеткізілді. Сонымен қатар нәресте және перинаталдық өлім көрсеткіштері де төмендеді.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл жүйелі реформалар мен медициналық көмектің заманауи стандарттарын енгізудің нәтижесі. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, климаттың өзгеруі халық денсаулығына әсер ететін маңызды факторлардың біріне айналып отыр.

– Климаттық қауіптер адамдардың денсаулығына, демографиялық үдерістерге және денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығына әсер ететін жүйелі факторға айналып отыр, – деп атап өтті министр.

Оның айтуынша, температураның көтерілуі мен экологиялық факторлар инфекциялық және жүрек-қантамыр ауруларының қаупін арттырып, әйелдердің репродуктивтік денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Елімізде жүкті әйелдерді ерте бақылауға алу, әйелдер денсаулығын нығайтуға бағытталған «Аналар саулығы» бағдарламасы іске асырылып жатыр. Сондай-ақ медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде және облыстық перинаталдық орталықтарда әйелдер консультацияларының қызметі қайта жанданды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 939
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2423
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 645
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 628