Сәрсенбі, 29 Сәуір 2026
Жаңалықтар 78 0 пікір 29 Сәуір, 2026 сағат 14:20

Парламент Құрылтай жөніндегі құжатты қарайды

Сурет: 24kz сайтынан алынды.

 ҚР Парламентінің қарауына «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңы жобасы енгізілді. 

Атап айтқанда, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында осы заң жобасы бойынша ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен комиссиясының құрамына депутаттарды сайлау мәселесі талқыланды.

— Аталған заң жобасын биылғы 15 наурызда Республикалық референдумда қабылданған еліміздің жаңа Ата заң ережелерін іске асыру мақсатында Парламент депутаттары әзірледі. Құжат Құрылтайды ұйымдастыру және оның қызметін құқықтық реттеуге, сондай-ақ оның депутаттарының құқықтық мәртебесін айқындауға бағытталған, — деді депутат Снежанна Имашева Мәжілістің жалпы отырысында.

Заң жобасы 12 тараудан және 60 баптан тұрады.

Еске салсақ, бұған дейін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жақын арада бірқатар маңызды заң жобасы Парламент қарауына енгізілетінін мәлімдеген еді.

Abai.kz

0 пікір