Қала сыртының маршруты: Мәселе қалай шешілді?
Қоғамдық белсенділік пен биліктің бірлескен іс-қимылы бір жерден шықса шешілмейтін мәселе жоқ. Абай облысы осы бағытта көптеген істерді тындыра бастады, Кез келген қоғамдағы өзекті мәселенің шешімі – тараптардың бір үстел басында жиналып, ортақ мәмілеге келуінде. Жақында ғана шешімін тапқан қала маңындағы елді мекендер мен орталықты байланыстыратын жаңа автобус бағытының іске қосылуы осының айқын дәлелі.
Таксиге тәуелділіктен арылу
Осыдан бір жыл бұрын ауыл тұрғындары үшін қалаға қатынау үлкен шығын болатын. Егер такси шақырса, оның құны ауыл тұрғындары үшін Талица - Семей (орталық) Яндекс такси 4340 теңгеге түсетін еді.
Жеке такси тасымалдаушыларының бағасы қарапайым халықтың қалтасына ауыр тиіп, әлеуметтік жағдайды күрделендіре түскен еді. Бұл мәселе дөңгелек үстел аясында көтеріліп, нақты ұсыныстар дайындалды. Осының арқасында төрт бірдей ауылды басып өтетін Талица-Тепкаши-Половинки-Озерки - Семей маршрут бағытының жол жүру бағасы дәл қазір 600 теңге болып отыр.
«Ауыл» партиясының бастамасымен ұсынылған бұл жобаны жергілікті әкімдік қолдап, тиісті құжаттарды жедел түрде мәслихаттың қарауына ұсынды. Нәтижесінде, аталған бағыт «Әлеуметтік маңызы бар маршрут» ретінде бекітілді.
Алғашқы қадам және болашақ жоспар
Қазіргі таңда маршрут сынақ мерзімінен өтіп жатыр деуге болады:
Ағымдағы кесте: Аптасына 5 күн қатынайды.
Болашағы: Жолаушылар легі (пассажиропоток) артқан сайын, автобустардың жүру уақыты мен күндері де көбейтілмек.
Қаржылық тиімділік: Бұл бағыт әлеуметтік мәртебеге ие болғандықтан, билет бағасы тұрғындар үшін қолжетімді болып қала береді.
Бірлескен жұмыс – нәтижелі іс
Бұл оқиға «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін көрсетті. Қоғам қайраткерлері мәселені көтерді, «Ауыл» партиясы ұсыныс тастады, ал атқарушы органдар оны жүзеге асырды.
Сөз түйіні: Кез келген түйткілді мәселе қоғам белсенділері, партия және атқарушы билік біріккенде ғана оң шешімін табады. Бұл — тек бір ауылдың мәселесі емес, жүйелі жұмыстың үлгісі.
Abai.kz