Жұма, 8 Мамыр 2026
Жаңалықтар 80 0 пікір 8 Мамыр, 2026 сағат 14:49

Астана-Франкфурт бағытындағы ұшақ Ақтөбеге шұғыл қонды

Сурет: Forbes.kz сайтынан алынды

Air Astana әуе компаниясы Ақтөбеге ұшақтың мәжбүрлі қонуына қатысты түсініктіме берді.

8 мамырда Астана-Франкфурт бағыты бойынша KC921 рейсін орындайтын ұшақ Астанадан сағат 08: 54-те ұшып шығып, техникалық себеппен 11.34-те Ақтөбеге қонған.

Әуе кемесінің экипажы стандартты қауіпсіздік рәсімдеріне сәйкес қону туралы шешім қабылдады.

"Қону штаттық режимде өтті. Жолаушыларды одан әрі тасымалдау үшін әуе компания Алматыдан резервтік ұшақ жіберді және рейстің жолаушылармен Ақтөбе қаласынан ұшуы бүгін 14.20-ға жоспарланған", – делінген хабарламада. 

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2098
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1602