Сейсенбі, 12 Мамыр 2026
Анық-қанығы 166 0 пікір 12 Мамыр, 2026 сағат 14:04

Хантавирус: Қазақстанға қауіп бар ма?

Сурет: ЖИ арқылы жасалды.

Хантавирус туралы соңғы күндері тараған ақпараттар көпшілікті алаңдатып отырғаны жасырын емес.

Негізінен бұл вирус бұрыннан белгілі болғанымен, қазіргі талқылаудың өзегі – оның «Анд» деп аталатын ерекше штаммы. Бұл штаммның басқа хантавирустардан басты айырмашылығы сол, ол тек кеміргіштерден ғана емес, адамнан адамға да жұғуы мүмкін. Жақында Атлант мұхитындағы MV Hondius круиздік лайнерінде орын алған жағдай осы қауіптің бетін ашты. Аргентинаның Ушуайя қаласынан шыққан бұл кемедегі жолаушылардың бойынан белгісіз инфекция белгілері байқалып, кейін оның хантавирус екені расталды. Борттағы 150 адамның сегізі вирус жұқтырып, өкінішке қарай, үш адам көз жұмды. Бұл оқиға кеменің бірнеше портқа кіруіне шектеу қойылып, теңізде оқшаулануына себеп болды.

Бүгінгі таңда әлемдегі ахуалды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жіті бақылап отыр. Мамандар лайнердегі жағдайды күрделі деп бағалағанымен, жаппай пандемияға ұласу қаупі төмен екенін айтады. Себебі «Анд» штаммы адамнан адамға тек өте ұзақ уақыт бойы бірге болып, тығыз байланыста болғанда ғана тарайды. Қазіргі уақытта ауру жұқтырғандар Канар аралдарында және Еуропаның өзге де арнайы емханаларында оқшауланып, тиісті ем-дом алып жатыр. Сондықтан бұл COVID-19 сияқты тез таралатын инфекция емес, жағдай толық бақылауға алынған.

Қазақстанға келер болсақ, еліміз үшін дәл қазір ешқандай тікелей және жаппай қауіп төніп тұрған жоқ. Оқиға ошағы бізден өте алыс қашықтықта орналасқан және біздің санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер мұндай халықаралық жағдайлар кезінде шекарадағы бақылауды бірден күшейтеді. Елімізде бұл вирустың адамнан адамға жұғатын ерекше штаммы мүлдем тіркелген жоқ.

Аяна Қазтай

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2559
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1776