Сейсенбі, 12 Мамыр 2026
Жаңалықтар 93 0 пікір 12 Мамыр, 2026 сағат 14:19

Мұстабеков: Әскерді әлімжеттік жайлап тұр деуге болмайды!

Сурет: bizmedia.kz сайтынан алынды.

Әскердегі әлімжеттіктің алдын алу үшін қандай нақты шараларды қолға алып жатырсыздар? – деген сұраққа бағдарлама қонағы кикілжіңдер кездескенімен, әлімжеттік жоқ екенін айтты.

«Әлімжеттік деген ұғымды қазіргі таңда алып тастау керек. Өйткені әлімжеттік дегендей жағдайлар болып жатқан жоқ. Әрине, ер азаматтар ұжымы болғаннан кейін неше түрлі кикілжіңдер болып қалады. Болып жатқан бірде бір жағдайлар ол бүкіл Қарулы күштерінде әлімжеттік жайлап тұр деп айтуға болмайды. Бірақ бұл бағытта кешенді жұмыстар жасалынып жатыр. Барлық жерде ЖИ мен камералар қойылып жатыр. Қазіргі таңда әскери бөлімдердің 50%-ы осындай бейнекамералармен жабдықталды деп айтуға болады. Бұл бейнекамералар жататын, жуынатын, оқу-жаттығу өтетін, қару-жарақ сақталатын барлық жерлерде орналастырылған»,  - деді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков.

армия

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2554
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1775