Сенбі, 16 Мамыр 2026
Жаңалықтар 244 0 пікір 15 Мамыр, 2026 сағат 14:46

Конституциялық реформа жүйелі түрде жалғасып жатыр!

Сурет: akorda.kz сайтынан алынды.

Биылғы наурызда өткен референдумда қабылданған жаңа Конституцияға сәйкес, Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы, астананың мәртебесі, сондай-ақ Қазақстан Халық Кеңесін құру, оның құрамын қалыптастыру тәртібі, өкілеттіктері мен қызметін ұйымдастыру конституциялық заңдармен айқындалады. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар бірінші оқылымда келесідей Конституциялық заң жобаларын қарады:

1. «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»;

2. «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы»;

3. «Қазақстан Халық Кеңесі туралы».

Әкімшілік-аумақтық құрылыс және астананың мәртебесі туралы конституциялық заңдар мемлекеттің аумақтық ұйымдастырылуының орнықты құқықтық негізін қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдары жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған.

«Қазақстан Халық Кеңесі туралы» конституциялық заңның ережелері мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының прогрессивті институционалдық моделін қалыптастыруға, қабылданатын шешімдердің сапасын арттыруға, қоғамдық келісімді нығайтуға және азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу тетіктерін дамытуға арналған. Бұл жаңа Конституцияның 4-бабындағы «халық – мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы» деген нормаға толық сәйкес келеді.

Осылайша, конституциялық реформаны іске асыру жұмысы жүйелі түрде жалғасып жатыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2794
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1901