Орталық Азиядағы алғашқы аэротаксиі таныстырылды
Болашақтың көлігі ретінде тек қиял-ғажайып фильмдерде ғана көретін ұшатын көліктер енді біздің аспанымызда да пайда бола бастады. 19 мамыр күні AlatauCity қаласында отандық «Alatau Advance Air Group Ltd.» жеке компаниясы Қазақстанда және жалпы Орталық Азияда тұңғыш рет eVTOL негізіндегі аэротаксидің демонстрациялық ұшуын өткізді. Бұл аппарат қарапайым тілмен айтқанда, толықтай электр қуатымен жұмыс істейтін және тікұшақ сияқты тік ұшып, тік қона алатын инновациялық әуе көлігі болып табылады. Бұл оқиға өңіріміздегі қалалық әуе мобильділігін дамыту аясындағы көптеген бастамалардың алғашқысы ғана.
Іс-шара аясында әуе мобильділігі экожүйесінің негізгі элементтері, соныңішінде AutoFlight компаниясының жолаушыларға арналған аппараты, ұшқышсыз жүйелер арқылы жүк жеткізу технологиясы және қалалық ортадағы әуе қозғалысын басқаратын цифрлық навигация жүйесі таныстырылды. Көрсетілімге әлемде сирек кездесетін, 6 орынға есептелген PROSPERITY жолаушылар моделі шығарылды. Ол сағатына 200 шақырым жылдамдықпен 200-ден 250 шақырымға дейінгі қашықтыққа ұша алады. Бүгінгі ұшу шамамен 10 минутқа созылды және қауіпсіздік талаптарына сәйкес аппарат ішінде адамсыз, яғни жолаушыларсыз әуеге көтерілді. Қонақтар бұл сәтті арнайы бақылау алаңынан тамашалады.
AutoFlight компаниясының бірінші вице-президенті Келлен Се бұлтехнологияның мүмкіндіктері туралы айта келе, олардың көліктері негізгі үштүрлі модельде шығарылатынын жеткізді. Оның біріншісі карго, яғни салмағы 400-ден 500 келіге дейінгі әртүрлі заттар мен жүктерді тасымалдауға арналса, екіншісі адам тасуға, ал үшіншісі төтенше жағдайларда адам іздеу және құтқару жұмыстарына қолданылады. Спикердің сөзінше, аппараттың ішіне сипаттамаларына байланысты 2 ұшқыш пен 4 адам немесе 1 ұшқыш пен 5 жолаушы сия алады. Бұл толықтай электронды құрылғы болғандықтанжанармайды мүлдем қажет етпейді. Келлен Се мырза қазіргі уақытта Қазақстанға арнайылап жаңа жолаушы тасу моделін шығаруды жоспарлап отырғандарын, ол нұсқа нөлден жүз пайызға дейін небәрі 1 сағаттың ішінде қуатталатынын атап өтті. Сондай-ақ, бұл аппараттардың қанаттарының мөлшері15 метрді құрайтындықтан, олар вертикалды түрде қонғаннан кейін жерде кемінде 30 шаршы метр бос кеңістік керек болады.
Жобаның басты халықаралық серіктестерінің бірі – Оңтүстік КореяныңӘуежайлар корпорациясы. Компанияның бас менеджері Херри Ко Қазақстанғакелу мақсаттары мен осы аймақты таңдау себебін түсіндіріп өтті. Ол өзкорпорациясының Кореяда 7 жыл бойы осы ұшатын құрылғылармен және олардың инфрақұрылымымен айналысып келе жатқанын айтты. Соңғы жылыолар Қазақстанмен бірлесе отырып, осы озық модельді елге әкелуге атсалысып, жан-жақты консультациялық көмек берген. Херри Ко мырзаның айтуынша, ұшып-қону жерінің қай жерде орналасуы туралы бірнеше нұсқалар қарастырылған. Олардың ішінде үлкен әуежайдың маңы, Алматының айналасындағы кішкентай қалалар және осы Алатау қалашығы болды. Нәтижесінде серіктестерге Алатау қалашығы өзінің ерекше туристік профилімен өте қатты ұнағандықтан, дәл осы жерді таңдау туралы ұсынысжасалған.
Осы орайда штаб-пәтері Қазақстанда орналасқан «Alatau Advance Air Group Ltd.» компаниясы бұл деңгейге жету үшін өте ауқымды дайындық жұмыстарын жүргізді. Компанияның арнайы мамандары мен жоба менеджерлерінен құралған ұйымдастырушы топ халықаралық KPMG консалтингтік компаниясымен бірлесіп, төмен биіктіктегі экономика мен әуе мобильділігі саласындағы әлемдік тәжірибені жан-жақты зерттеді. Осы жұмыстардың аясында АҚШ, Бразилия, Еуропа және Қытай өндірушілері арасында халықаралық тендер өткізіліп, нәтижесінде екі негізгі жеткізуші таңдап алынды. Компанияның өз қызметкерлері де арнайы дайындықтан өтіп, 3-ші санаттағы ұшқышсыз авиациялық жүйелер операторының сертификаттарына ие болды және авиациялық жұмыстарды орындауға ресми рұқсат алды. Сонымен қатар, бұл технологияны құқықтық өріске енгізу мақсатында Алатау қаласының арнайы құқықтық режимі туралы Конституциялық заңға тиісті ережелер енгізілді.
Бүгінгі таңда Италияның UrbanV операторымен және Корея әуежайлар корпорациясымен бірлесіп, Алатау қаласының Golden ауданында болашақ вертипорт, яғни ұшу-қону алаңы болатын UAM Center Eurasia жобасын әзірлеу жұмыстары басталып кетті. Бұған дейін Joby Aviation, Көлік министрлігі және басқа да халықаралық алпауыттармен маңызды меморандумдарға қол қойылған болатын. Сала мамандарының айтуынша, биылғы жылдың үшінші тоқсанындатағы да демонстрациялық ұшулар өткізу, аппараттарды жеткізукелісімшарттарын бекіту және Алматы қаласында дрондар арқылы жүк жеткізудің алғашқы пилоттық жобасын іске қосу жоспарланып отыр. Осылайша, еліміз Орталық Азиядағы жаңа сипаттағы әуе көлігі дәуірінің көшбасшысына айналуға нық қадам басты.
Аяна Қазтай
Abai.kz