Астана: Отандық өндірушілердің көрмесі өтуде
Астанада отандық өндірушілердің «ULTTYQ ÓNIM – 2026» атты ірі көрмесі ашылды.
EXPO халықаралық көрме орталығында қазақстандық өндірушілердің IX «Ulttyq ónim – 2026» жыл сайынғы көрмесі басталды.
Биылғы көрме осы уақытқа дейін өткізілген көрмелердің ең ауқымдысы. Көрме алаңында Қазақстанның барлық өңірінен келген 600 тауар өндіруші өз өнімін ұсынды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен екі есе дерлік артық.
«Ulttyq ónim – 2026» көрмесі ЭКСПО ХКО-да 24 мамырға дейін жалғасады. Осы күндер бойы ол B2B-кездесулер, панельдік сессиялар, шеберлік сыныптары мен қазақстандық бизнестің жетістіктерін көрсету үшін тиімді алаңға айналады.
Abai.kz