Дүйсенбі, 22 Маусым 2026
Білгенге маржан 138 0 пікір 22 Маусым, 2026 сағат 14:50

Молдалардың «араб сөзі» дегенінің түбі шикі...

Сурет: egemen.kz сайтынан алынды.

Нұрлыбек Саматұлы «дәптер» сөзінің бурятта «дефтер» деп сақталғанын жазыпты. Ал, бурят тілінде (олар өздерін «бөрі ата») деп атайды екен) араб сөзі жоқ десе болады...

Қисынды жаңалық...

(Молданың құзыры тайгаға тарамаған ғой...)

Енді, өз сөзімізге оралсақ, онда сол сияқты, біздің «молда-ұстаздардың» (қайдағы ұстаз) бізге «арабтан енген» деп жүрген

«Ғылым» сөзінің де түбірі түркі тілінде жіктеледі.

Мысалы, «тағылым» - «ғылым» сөзімен мағыналас.

Негізі, ғылым – «білгеніңді іске асыру» деген әрекеттік мағынада айтылған сөз. Яғни, «қылу», (әрекет қылу), «маған не ғыл дейсің?» деген сөйлемдерде «ғыл» (қыл) етістігі тұр.

Бұл «ғылым» функциясымен толық сай келеді...

Кезінде, Әл Фараби Аристотельді зерттегенде арабтың ғылыми тілін қалыптастырған ғұлама.

Сонда ол гректің көне ғылыми терминінің (сөзінің) балама арабша терминін таппай қиналған екен...

Ендеше, ол оны өзінің ана тілі - түркі тілінен алуы да заңды, қисынды...

Сонымен қатар, ол көптеген грек терминін араб тілі фонетикасымен берген, олар да араб сөздері емес...

Ал, араб өрекениетін, ғылымын дамытқан ғұламалардың басым көпшілігі арабтар емес...

Түркілер, парсылар...

Сондықтан, бір заманғы бедуиндердің жұтаң тілі жан-жақты ғылым тілі бола қалды деу - абсурд.

Ал, «білім» сөзінің төркіні де түркі тілінен.

Бізде исламға дейін-де аты тасқа қашап жазылған Білге қағанымыз болған!

Осының өзі-ақ «БІЛ!» деген сөздің түп-төркіні түркіден екенін көрсетеді!

(Олжас Сүлейменов)

Одан өзге:

Біз, қазірдің өзінде өте бай қазақ тілінен ғылыми термин жасауда қиналып қаламыз...

Ал, ол заманда кедей бедуиндердің «араб тілі» қалайша әмбебап ғылыми тіл бола қалды дейсің?

Сол себепті, мен біздің молдасымақтарға «анау да араб сөзі, мынау да араб сөзі» деп, далақтай бермесін дер едім...

Әбдірашит Бәкірұлы

Abai.kz

0 пікір