Жұма, 26 Маусым 2026
Жаңалықтар 126 0 пікір 26 Маусым, 2026 сағат 17:12

Қазақстан ұшақтарға Jet A-1 авиаотынын құя бастады

Сурет: informburo.kz сайтынан алынды.

Отын алғашқы болып Uzbekistan Airlines әуе компаниясының ұшағына құйылды.

Алматы әуежайында алғаш рет Jet A-1 маркалы авиаотын ұшаққа құйылды, деп хабарлады "ҚазМұнайГаз-Аэро" ЖШС баспасөз қызметі.

Компания жаңа отын түрін Uzbekistan Airlines авиакомпаниясының әуе кемесіне құю жұмыстарын жүргізді.

"Бұл іс-шара – Қазақстанның авиациялық отын нарығын әртараптандыру және отандық авиация инфрақұрылымның мүмкіндіктерін кеңейту бағытындағы маңызды қадам. Бұған дейін ҚМГ-Аэро арқылы халықаралық маршруттарды пайдаланып, Petrochina және қазақстандық логистикалық компаниямен серіктесе отырып Душаньцзы мұнай өңдеу зауытынан (ҚХР) Jet A-1 маркалы авиаотынын жеткізу ұйымдастырылған болатын. Транзит көлемінің артуына байланысты авиакеросин бағыттарын әртараптандыру авиаотынмен қамтамасыз ету жүйесінің тұрақтылығын арттырады", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, жобаны "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы мемлекет басшысының көлік-логистикалық кешенін дамыту және отандық авиация саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі тапсырмалары аясында ҚР Үкіметінің қолдауымен іске асырып жатыр.

Abai.kz

0 пікір