Дүйсенбі, 30 Наурыз 2020
Жаңалықтар 1518 0 пікір 2 Қараша, 2009 сағат 08:27

Қадірлі, ағайын!

Бүгін Елбасы ашық эфирге шығып көпшіліктің қойған сауалдарына жауап береді. Бізді мазалап жүрген сұрақтарымызға да бүгін жауап беріліп қалуы мүмкін.

Өздеріңіз білетіндей, үкімет сайтында www.line.gov.kz адресі бойынша Елбасымен тікелей эфир желісі ашылысымен Abai.kz ақпараттық порталы Әз Жәнібек пен Керейдің және батырлардың ескерткіштеріне байланысты Ашық хатты жаңағы адреске біріншілердің бірі болып жолдаған еді. Біз жіберген хат  аталған сайттың «Мәдени мұра» атты айдарында тұр. Түскен жоқ. Бірақ кейінге кетіп қалды. Президенттің сіздер мен біздер болып ортақтаса жазған Ашық хатымызға жауап беруі де  екіталай дүниеге айналып барады. Әйткенменде соңғы мүмкіндікті жіберіп алмайық. Ол үшін

Біріншіден. Кешке дейін ашық хатқа қол қойған азаматтардың барлығы www.line.gov.kz сайтына кіріп, біздің сұраққа дауыс беретін жанашырлардың қатарын көбейте түссін, abai.kz ақпарттық порталында жарияланған ашық хаттың мәтініне сүйеніп өздері де сұрақ қоятын адамдардың қатарын арттыра берсін.

Екіншіден. Осы мәселеге немқұрайлы қарамайтын азамат тікелей эфирдің сall-орталығына хабарлассын. Астанадағы (8-7172) 555-777 телефонына қоңырау шалып, сол жердегі жауапты адамға өз сауалдарын жолдасын. Сонымен қатар жазбаша сұрақтарды vopros@akorda.kz деген электронды поштаға да салуға болатынын ескертеміз.

Тікелей эфирдің сall-орталығы өз жұмысын 13 қарашаға дейін  жалғастырады. Орталық таңғы сағат 08.00 ден кешкі 23.00 дейін сұрақтарды қабылдайды.

Осы мүмкіндіктен айрылып қалмайық! Біздің Ашық хатқа қатысты сұрақты «ең көп қаралған», «ең көп дауыс алған», «ең көп талқыланған» деген межеге жеткізейік. Тікелей эфирдің сайтына қайта қайта кіріп дауыс берейік.

Егер осындай белсенділік танытқаннан кейін биліктегілер халықты алаңдатып отырған өзекті мәселені жауапсыз қалдырса, онда ол өздеріне үлкен сын, арына өшпес дақ болмақ!

Тағы да ауызбіршілік пен табандылық танытайық, ағайын!

Тікелей эфир бүгін!

Құрметпен,

Abai.kz ақпараттық порталы

0 пікір