Сәрсенбі, 15 Шілде 2026
Жаңалықтар 183 0 пікір 15 Шілде, 2026 сағат 16:03

Ресей Қазақстан мұнайының жолын бөгеді...

Сурет: lada.kz сайтынан алынды.

Германия Қазақстаннан мұнай жеткізу тоқтатылғаннан кейін Оңтүстік Америкадан шикізат ала бастады, - деп жазады qaz365.kz. 

Германиядағы PCK Schwedt мұнай өңдеу зауыты (МӨЗ) «Дружба» құбыры арқылы қазақстандық шикізатты жеткізу тоқтатылғаннан кейін Оңтүстік Америкадан мұнай ала бастады. Бұл туралы Польшаның Unimot энергетикалық компаниясы мәлім етті.

Осы жылдың маусым айында шикі мұнайдың алғашқы партиясы теңіз жолымен Польшаның Гданьск портына жеткізіліп, содан кейін PERN операторының құбыры арқылы PCK Schwedt МӨЗ-іне бағытталды. Бұл зауыт Берлин мен Бранденбург федералдық жерінің бензинге, дизельдік отынға және мазутқа деген сұранысының шамамен 90%-ын қамтамасыз етеді, сондай-ақ Польшаның батыс аймақтарына жанармай жеткізеді.

Кәсіпорын 2026 жылдың мамыр айына дейін Ресейдің «Дружба» мұнай құбыры арқылы тасымалданатын қазақстандық мұнайды өңдеп келген еді. Алайда 1 мамырдан бастап бұл жеткізілімдер тоқтатылды. Ресейлік «Транснефть» компаниясы мұны әрі қарай тасымалдау үшін техникалық мүмкіндіктің жоқтығымен түсіндірді.

Abai.kz

0 пікір