Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2868 0 пікір 4 Қараша, 2009 сағат 07:00

Дәурен Қуат. Интернет-акцияның иріміндегі ой

Екпіні тегеурінді уақыттың соңғы екі аптасында біздің елімізде де елеуге тұрарлық азды-көпті оқиғалар болып өткен сияқты. Білуімізше, оның басты-басты дегендерінен ел тегі хабардар болса керек. Сонда да жұрттың жадын бір жаңғыртып өткеніміз артық етпес.

Қазақстан халықтарының Ассамблеясы өтті.

Түркияға іссапармен барған Елбасымыз бейресми түрде «Түркі халықтарының көшбасшысы» деген атақ алып қайтты.

Сол тұста «Қазақ елі монументі» ашылып, Президент Назарбаевтың ескерткіші бой көтерді.

Әуелгі жоспарында әлгі әйдік монументтен «қоныс тебуге» тиіс Әз Жәнібек пен Керей ханның һәм батырлардың ескерткіші қоқысқа ысырылып тасталды.

Электронды үкіметтің отырысы өтіп, Премьер-министріміз Кәрім Мәсімов қазақстандық баспасөз өкілдерін Ресейдің оқырмандары мен көрермендерін жаулап алуға шақырып, ұран тастады.

Семейде мысық сотқа қатысты... Жәбірленуші ретінде. «Ботақан» есімді сібірлік сүйкімді мысықтың аянышты тағдырына арнайы ат басын бұруымыздың өзіндік себебі бар. Оны соңыра айтармыз.

Екпіні тегеурінді уақыттың соңғы екі аптасында біздің елімізде де елеуге тұрарлық азды-көпті оқиғалар болып өткен сияқты. Білуімізше, оның басты-басты дегендерінен ел тегі хабардар болса керек. Сонда да жұрттың жадын бір жаңғыртып өткеніміз артық етпес.

Қазақстан халықтарының Ассамблеясы өтті.

Түркияға іссапармен барған Елбасымыз бейресми түрде «Түркі халықтарының көшбасшысы» деген атақ алып қайтты.

Сол тұста «Қазақ елі монументі» ашылып, Президент Назарбаевтың ескерткіші бой көтерді.

Әуелгі жоспарында әлгі әйдік монументтен «қоныс тебуге» тиіс Әз Жәнібек пен Керей ханның һәм батырлардың ескерткіші қоқысқа ысырылып тасталды.

Электронды үкіметтің отырысы өтіп, Премьер-министріміз Кәрім Мәсімов қазақстандық баспасөз өкілдерін Ресейдің оқырмандары мен көрермендерін жаулап алуға шақырып, ұран тастады.

Семейде мысық сотқа қатысты... Жәбірленуші ретінде. «Ботақан» есімді сібірлік сүйкімді мысықтың аянышты тағдырына арнайы ат басын бұруымыздың өзіндік себебі бар. Оны соңыра айтармыз.

Жоғарыдағы тізбекті оқиғалардың арасында (қойнынан сағат сайын сенсация суырып беріп жататын қоғамда емес, қоңторғай тірлік кешіп жатқандықтан біз аталған жәйттерді оқиға деп есептейміз) abai.kz ақпараттық порталының оқырмандарын Рухы асқақ ескерткіштер қоқыста қалды деген ақапарат бірден дүр сілкіндірді. Есім сойын жарияламауды өтініп, «ескерткіштер Астанадағы  «Арай» саябағына қойылатынға ұқсайды» деген шенеуніктің сыпайы жауабына қанағаттанбаған оқырманымыздың бірі «саябақта аю, қасқыр, қоян сияқты аңдар тұрады. Сонда Елорда билігі Жәнібек пен Керейді аңға теңегені ғой» деп пікір жолдап жіберіпті. Ақпаратқа көз жүгіртіп өтісімен ашынып пікір жазғандардың қарасында қисап болмады. Және оны тоқтатудың мүмкін еместігін анық ұғындық. Зиынды жастар пікір жазумен ғана шектелмей Елбасының, Парламент депутаттарының, Астана қаласы әкімінің атына  Ашық хат жария етілуін талап қылды. Бізде  Ашық хат талап еткен оқырманның тілегін орындаудан басқан не амал бар. Сөйтіп Ашық хатта жазылып, сайттың Бас тақырып деген айдарына ілінді. Сол сол-ақ екен, Ашық хатты қолдаған жастардың саны минут сайын өсіп отырды. Олар бүрге тигендей бүрісіп бүгежектеместен аты-жөндері мен электронды пошталарын көрсетіп Ашық хаттың төменгі тұсына қолдарын қоя бастады.

«Нұр Астана» газетіндегі әріптестеріміз жазғандай, «Жәнібек пен Керейдің күресін күзетіп қалғаны» бойында қазақы намысы қалғымаған сергек жастарды қатты серпілтіп интернет-акцияға ұласты.

Бұл расыменде бір-бірінен шалғайда жүрген, бір-бірін түстеп түгендеп танымайтын қазақ жастарын  тұтастырған интернет-акция болды.

Бұл Алтай мен Атыраудың, Алатау мен Арқаның жас өскіні бір тілек, бір арман, бір мақсат төңірегінде жұмылып өсіп келе жатқандығын әйгілеген акция болды.

Бұл киелі рухын қорлатып қойып қарап отыра алмайтын жастардың ынтымағы іштей беки түскенін паш еткен акция болды.

Бұл ақпарат алмасудың жаңа мүмкіндіктеріне қол жеткізген жастардың билікті билеп төстегендердің қиянатына бұдан былай төзбейтіндігін көзге ұрған акция болды.

Бұл биліктің майлы қазанына қасық батырған соң  материалдық тұрғыдан байланып, тұтқынға айналған аға буын ұрпақтан рухы бөлек, ар-ұжданы биік, ерік-жігері күшті жас зиялы қауымның атқа қонғанын ескерткен акция болды.

Бұл Әз Жәнібек пен Керейдей ұлы хандардың ғана билігі мәңгілік екенін еске салған акция болды.

Қазақ жастары аты-жөндері мен электронды пошталарын көрсетіп жария еткен Ашық хатқа еліміздегі өзге ұлт өкілдері де үн қатты (оларды Бас тақырыптың мұрағатына кіріп Ашық хаттың соңында тұрған пікірлер мен қол қоюшылардың қатарынан табасыз). Демек, бұл интернет-акция - қазақ тарихына, қазақ мемлекеттілігіне жасанды, жылтырақ  жүзбен емес, шынайы мүдделестік әрі гуманистік жүрекпен мән беретін жас толқынның диаспоралар арасында да қалыптаса бастағанын аңғартқан акция болды.

Биліктегілердің бүйректен сирақ шығарып, бүтінді бүлдіріп жататын тірлігін сын тезіне алып отыратын орыстілді баспасөз де хандар мен батырлардың ескерткіштері даланың желіне жеміріліп, жаңбырына кеміріліп тұрғанын жұрттан жасырып қала алмады. Тіпті abai.kz ақапарттық порталында жарияланған Ашық хатты орыстілді басылымдардың қайсібірі  аударып та басты. Аталған акция арқылы біз орыстілді басылымдармен бірігіпте қоғамдық пікірге ықпал ете алатындығымызды, ақапарттық кеңістікте осылайша тізе қосып жүрсек әлеуеті зор күш айналатынымызды сезіндік.

Удай өкініштісі сол: «Қазақ елі» монументі ашылған кезде аспан астын самбырлаған сөзге толтырып, таңдайы жарыла сөз жарыстырған шешендеріміз Рухы асқақ ескерткіштердің тағдырына сібірлік мысықтың тағдырын сот талқысына салып шырылдаған  құқық қорғаушыларындай қарай алмады. «Азаттық» радиосының веб-сайты, «Мінбер.кз», «Замандас.кз» сайты және «Қазақстан», «Жас Алаш», «Жас Қазақ» «Нұр Астана» газетінен өзгелері баяғы «атакем айтсын», «атакем не дейді?» деп келетін этнопсихологияның етегіне тығылып, бой тасалап отырды. Есесіне аймақтағы басылымдар өте белсенділік танытты. Ашық хатты Шымкенттегі «Діл» газеті мен Оралдағы «Айна» газеті үтір нүктесін қалдырмай жариялады, ескертікштерге байланысты өткір мақалалар берді.

Интернет-акцияның барысында жастар тарапынан «Үлкендер неге үнсіз?» деген заңды сұрақ туды. Бәсе, үлкендер неге үнсіз? Баз біреулер үлкендер жағы интерент дегенді білмейді сондықтан Ашық хатқа үн қатпай отырған шығар деп жақауратты. Олай емес. Әйтседе, Құдайшылығына жүгінелік, Үкімет үйіндегі жыбыр  мен Ақ Ордадағы сыбырды алдымен еститін үлкендердің үнсіз қалуына  ықпалды қазақ  газеттерінде ескерткіштер мәселесінің ашық жазылып, айтылмауы себеп болуы мүмкін (өйткені олар интернеттен ақпарат тұтынбайды ғой). Алайда, ескерткіштердің «Қазақ елі монументінен» қоныс таппай «жұрт ауған» жайын білмеуі неғайбыл. Ендеше, үндемеулерінде үлкен гәп бар. Өйткені, бірінің баласы Ақ Орданың айналасында жүр. Бірінің немересі Болашақта оқиды. Бірінің жас, сұлу тоқалы Үкімет үйінде кішігірім бастық. Бірінің таяуда мемлекеттік тапсырыспен қолақпандай кітабы шықпақ. Осылайша тізіліп кете береді. Жә, қай-қайдағы, жәй-жәйдағыны тізбектей беруге уақыт жоқ. Ал, саяси партиялар туралы сөз шығындаудың қажеті тіпті шамалы. Өйткені олардың ұрқы қазақ рухынан жаралмаған.

Ендігі сөзді соза бермей  Абайшыл ұрпақтың порталы - abai.kz сайтының ұжымы атынан мен Ашық хатқа қол қойған барша тілеулес жас буынға: әріптестеріме, жас саясаткерлер мен кәсіпкерлерге, жас ғалымдар мен студенттерге рахмет айтқанды жөн көрдім. Иә, біз осындай ынтымақта, бірлікте болуымыз керек. Үнемі сергек жүруге тиіспіз. Біздің ынтымағымыз бен сергектігіміз ел ісіне қатысты жауапкершілікке бастап барады. Абай болайық. Абайшыл, Алашшыл болайық!

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340