Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3907 0 пікір 4 Қараша, 2009 сағат 08:48

Президенттің тікелей эфирі: алғашқы нәтижелер мен тұжырымдар

Құрметті достар!

1. Abai.kz ақпараттық порталы Жәнібек пен Керей хандарымыздың ескерткішіне қатысты ұлттық акциясын одан әрі жалғастыруда.

Дәл осы мақала жазылып жатқан кезде Жәнібек пен Керей бабаларымыздың ескерткішіне қатысты Ашық хатымызды алты мыңнан астам адам оқып, алты жүзге жуық азамат өз қолдарын қойып үлгірді. Қол жинау әлі де жалғасады.

Қазақ жастарының жүрекжарды сөзін билікке жеткізу мақсатында Ашық хат мәтіні www.line.gov.kz адресі бойынша ашылған Елбасының тікелей эфиріне жіберілді. Оған көптеген замандастарымыз өз қолдауын ашық білдіріп жатыр. Солардың біразын осы жерде көрсетуді жөн көріп отырмыз.

Ашық хатты президенттің тікелей эфир желісінде алғашқы болып қорғағандардың ішінде өз әрптесіміз, «Азаттық» радиосының тілшісі Өміржан Әбдіхалықұлы болды.

Құрметті достар!

1. Abai.kz ақпараттық порталы Жәнібек пен Керей хандарымыздың ескерткішіне қатысты ұлттық акциясын одан әрі жалғастыруда.

Дәл осы мақала жазылып жатқан кезде Жәнібек пен Керей бабаларымыздың ескерткішіне қатысты Ашық хатымызды алты мыңнан астам адам оқып, алты жүзге жуық азамат өз қолдарын қойып үлгірді. Қол жинау әлі де жалғасады.

Қазақ жастарының жүрекжарды сөзін билікке жеткізу мақсатында Ашық хат мәтіні www.line.gov.kz адресі бойынша ашылған Елбасының тікелей эфиріне жіберілді. Оған көптеген замандастарымыз өз қолдауын ашық білдіріп жатыр. Солардың біразын осы жерде көрсетуді жөн көріп отырмыз.

Ашық хатты президенттің тікелей эфир желісінде алғашқы болып қорғағандардың ішінде өз әрптесіміз, «Азаттық» радиосының тілшісі Өміржан Әбдіхалықұлы болды.

Акциямызды іліп алып кеткендердің ішінде белгілі журналист Ардабек Солдатбай да бар. Президентке қойған сауалында Ардабек мырза: «Мәртебелі Президент мырза! "Қазақ елі" кешеніне Керей мен Жәнібек ханның ескерткіші қойыла ма? Өткенге құрмет көрсете отырып, болашаққа бағдар нұсқау үшін, жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеу үшін ұлттың Ұлылығын білдіретін ұлық ескерткіш қою туралы ұсыныс өзіңізден шыққанын білеміз. "Қазақ елі" кешені дәл сіз ойлағандай деңгейде болмаған секілді. Осындай олқылыққа орын беріп, Сіздің атыңызға кір келтіргендердің одан әрі да мемлекеттік қызметте отыруға моральдық құқық бар деп ойлайсыз ба?»  - деп үн қатыпты.

Порталымыздың тағы бір жанашыры, досымыз және әріптесіміз Есенбек Санатұлы болса былай деп хат жазыпты: «Қадірлі Президент! Соңғы кездері ақпарат беттерінде Керей мен Жәнібектің ескерткіші ескерусіз қалғаны, тіпті қаланың сыртында қараусыз қалғаны жөнінде айтылып, жазылып жатқанынан хабардар боларсыз. Бұл жағдай елдегі жастар қоғамы арасында аса наразылық тудырып отыр. Осы жағдайды тезірек қолға алып, ескерткіштерді тиісті орнына қондыруға ат салысуыңызды сұраймын. Жақында ашылған "Қазақ елі" монументінде Қазақ хандығын құрған хандарымызбен бірге, егеменді Қазақстан елінің іргетасын қалаған Сіз тұрсаңыз қандай жарасымды болар еді!»

Қаражай Әсет деген ұлтжанды азамат: «Құрметті, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев! Мен жақында Қазақ Хандығын қалаушылыр Керей мен Жәнібек хандардың және қазақ батырларының ескерткіштері мүшкіл жағдайда Астана қаласының сыртында жатқанын естідім. Мен Сізден сол ескерткіштер Астанада өзінің заңды қадірлі орнын таба алса деп сұраймын» - деп сұрау салыпты.

Дулыға Алашбай деген бауырымыз: «Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!!! Менің сұрағым өте қысқа. "Қазақ Елі" монументіне қазақ хандары мен батырларын қойдыру туралы сіздің ұсыныс жасағаныңзды естіп-біліп жатырмыз. Бірақ алайда сіздің бұл ұсынысыңыз орындалмай қалды. Сонда сіздің бұйрығыңызға кім қарсы келді екен. Ал сол монументтің артында хан мен батырлардың ескерткіші қараусыз, батпақта қалып қойған. Мен оны өз көзіммен көрдім. Көрдім де жылағым келді. Сол ескерткіштерге қарап қазақ халқының қазіргі жағдайы да осындай шығар деген ойда қалдым. Құрметті Елбасы ескерткіш қойылсын деген талап жоқ. Бірақ дайындап әкелінген ескерткіштің батпақта жатуы бізді қынжылтады. Осындай ұлт рухына тиесілі мәселеге сіз қалай қарайсыз».

Дәл осындай ұсыныстарды Нұрмағанбетов Талғат, Дәулетқали Асауов, Тұрсынбек Әлиұлы, Бегімбек Әбдікәрімов, Асхат Жанай, Қазбек Құттымұратұлы, Абай сынды патриот азаматтар ашық айтып, өз сауалдарын қойып жатыр. Оларға өз алғысымызды білдіреміз.

Алдағы он күннің ішінде Ашық хатқа қатысты сұрақтардың санын үдетіп, қойылған сауалдарға дауыс беру жұмысын жандандыру керек деп түсінеміз.

Осы мүмкіндіктен айрылып қалмайық! Біздің Ашық хатқа қатысты сұрақты «ең көп қаралған», «ең көп дауыс алған», «ең көп талқыланған» деген межеге жеткізейік. Тікелей эфирдің сайтына қайта қайта кіріп дауыс берейік.

Егер осындай белсенділік танытқаннан кейін биліктегілер халықты алаңдатып отырған өзекті мәселені жауапсыз қалдырса, онда ол өздеріне үлкен сын, арына өшпес қара дақ болмақ!

Тағы да ауызбіршілік пен табандылық танытайық, ағайын!

 

2. Президенттің тікелей эфиріне басқа да өзекті мәселелер айтылып жатыр екен. Оның өзі қазақтілді интернет қолданушылардың саны мен сапасының артқанының белгісі деп түсінеміз. Сонымен қатар қазақ ұлтын толғандырып отырған пікірлердің ашық айтылуы да жақсы нышан. Яғни ұлтымыз ғасырлық ұйқысынан оянып келеді деген сөз.

Қарап отырсақ, тікелей эфирге көптеген маңызды сұрақтар түсіп жатыр екен. Мысалы, Алымбек Қуанышбаев деген азамат мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту қажеттігі туралы сұрақ қойыпты.

Еркін Асхатұлы деген азамат мемлекеттік тілді дамыту қажеттігін баса айтып Тәжікстанда жасалып жатқан батыл шараларды тілге тиек еткен. «БІЗ НЕГЕ ОСЫНДАЙ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙ АЛМАЙМЫЗ? Осындай шешімді алдымен сіз бастасаңыз жақсы болар еді? Тек қазақ тілі - МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ. Бір ғана тілде жұмыс жүргізіуге неге болмайды? Орыс тілінің ықпалынан қашан құтыламыз? Тәжіктер құрлы бола алмаймызба Президент мырза?» - деп жазыпты Еркін мырза.

Осы тұрғыдағы сұрақты Шымкент қаласының тұрғыны Әлихан Өмірханұлы да қойыпты. Ол азамат Елбасыға екі сұрақ қойыпты: «1. «Мемлекеттік тіл туралы» арнайы заң қашан қабылданады? 2. Бүгінде Мәдениет және ақпарат министрлігінің құрамында Тіл комитеті бар. Аталған комитет құқықтық тұрғыда өте әлсіз. Осы олқылықтың орнын толтыратын және мемлекеттік тіл саясатын дербес іске асыратын Тіл агенттігі қашан құрылады?».

Қазақ тілінің мәртебесіне қатысты сұрақтарды Сайлаубек Зияханұлы Ережепов, Асқар Мұкашев, Нұрбақыт Байрахметұлы,  Ернар Қырым, Ахмет Жүніс, Ермұрат Қоңырбеков, Нүрия деген замандасымыз, Өмірзақ Әбішев, Ыбырай есімді азамат, Жәния Ботбаева, Сәкен Жүсіпбеков, Талғат әл Тарази, Арман Ибрагимов, студенттер атынан Жадыра Сәрсенбаева, Амангелді Құрметұлы, Асқар Смайыл, Кәмшат Қоңырбекова, Ерік Құлмағамбетов, Мақпал Мамытбекова т.б. қойған екен.

Әділхан Дүйсебаев деген қазақ-түрік лицейінің оқушысы қазақ әліпбиінің латын қарпіне өткізу қажеттігін тілге тиек етіпті. Оның пікірінше, елімізде тұрып отырған жүз ұлт латын әліпбиіне көшуге еш кедергі емес екен. Латын әліпбиіне көшу мәселесін Қайырбек Тұрсынов, Рахат Хавхий, Бекбол Қойбаев, Ыбырай Көшен сияқты азаматтар да қолдап отыр.

Тағы бір сұрақтар легі көше мен қала аттарын өзгертуге қатысты болып отыр. Мысалы, өзін Нұрсеитов деп таныстырған азамат Петропавлды Қызылжар, Павлодарды Кереку деп өзгерту қажет депті. Талғат әл Тарази деген азамат болса алдағы пікірді қолдап, Өскеменді Алтай, Оралды Ақжайық не болмаса Жәнібек деп атау қажет деген пікір айтыпты. Еліміздің басқа да елдімекендеріне қатысты пікірлер де президенттің тікелей эфиріне қойылып жатыр.

Abai.kz ақпараттық порталы ұлтымыздың өзекті мәселелерін көтерген осындай сұрақтар мен олардың иелерін бірауыздан қолдауға шақырады.

Осы мәселелерге немқұрайлы қарамайтын азаматтар тікелей эфирдің сall-орталығына хабарласса. Ол үшін Астанадағы 555-777 телефонына телефон шалып, сол жердегі азаматтарға өз сауалдарыңызды қойсаңыздар. Сонымен қатар жазбаша сұрақтарды vopros@akorda.kz деген электронды поштаға да салуға болатынын ескертеміз.

Тікелей эфирдің сall-орталығы өз жұмысын 30 қазаннан 13 қарашаға дейін  жалғастырады. Орталық таңғы сағат 08.00 ден кешкі 23.00 дейін сұрақтарды қабылдайды.

 

3. Президенттің тікелей эфирі қазақшылдыққа жат, бүгінгі «қазақстандық ұлт», «үштілділік» саясатты насихаттайтын сұрақтар мен сауалдарға да толы екен.

Әлдекімдер мен әлдебіреулер «орыс тіліне мемлекеттік тіл мәртебесін беру», «Ресей арналарын көптеп тарату», «қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі шорқақтығы», «діни секталарға бостандық беру» сияқты ұлтымызға қарсы пікірлерді көптеп боратып жатыр. Біздің пайымдауымызша, осындай сұрақтардың көбісі арнайы ұйымдастырылып отыр.

Ертең сондай сұрақтарды көптеп жинап, оларды елбасының аузына салып, оған «тиісті» жауап беріліп жатса таң қалмайтын шығармыз.

Абай болайық!

Ол аз болғандай тағы бір бәзбіреулер өздеріңіз сүйіп оқитын Abai.kz ақпараттық порталына елбасымызға донос жазып үлгеріпті. Мысалы, өзін Тұяқпаева. А.Ж деген азаматша «Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қордың қолдауымен өмірге келген www.abai.kz интернет ресурс халыққа президентке қарсы саясат жүргізеді. Осы жайлы не айта аласыз? Тағы қазақтілді интернет ресурстарға көзқарасыңыз қандай?» деп сауал жолдапты.

Оған жауабымыз бір: «Туякпаева ханум! Abai.kz ақпараттық порталы сіз жарылып кетсеңіз де өз жұмысын жалғастыра береді! Біз өзіміздің азаматтық, адами позициямыз бен ұлттық құндылықтарымыздан ешқашан бас тартпаймыз! Біздің ештеңеміз кетпес, бірақ ертеңгі күні заман өзгергенде балаларыңыз бен немерелеріңіздің алдында ұятқа қалмасаңыз болды! До свидания!»

 

Құрметпен,

Abai.kz ақпараттық порталы

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347