Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 930 0 пікір 19 Тамыз, 2026 сағат 18:21

СҚО-да Құрылтай сайлауын ерекше түрде еске салды

Сурет: Видеороликтен алынған кадрлар.

Имантау-Шалқар курорттық аймағындағы көлде Құрылтай сайлауының символикасы бейнеленген желкенді қайық жүзді. Солтүстік Қазақстан облысының көркем табиғаты аясындағы жарқын желкен бұл бастаманың басты бейнесіне айналды.

Желкен – алға жылжудың символы

Желкенді қайық бейнесі кездейсоқ таңдалған жоқ. Жел желкенді керіп, қайықты қозғалысқа келтіреді, алайда оның бағытын адам айқындайды. Мақсатқа жету үшін бағытты таңдап, сол жолмен сенімді түрде жүру қажет.

Жел оңынан соққанның өзінде кемеге нақты бағыт пен экипаждың үйлесімді әрекеті қажет. Осылайша желкенді қайық алға жылжудың, бірліктің және таңдалған жол үшін ортақ жауапкершіліктің символына айналды.

Ортақ бағыт жеке таңдаудан басталады

Бұл бейне алдағы дауыс берумен үндеседі. Сайлау – әрбір азамат өз ұстанымын саналы түрде білдіріп, елдің алдағы бағытын айқындауға қатыса алатын сәт.

Акцияның мәнін видеороликке қатысқан екі бастамашыл азамат түсіндірді:

«Біз бұл бастамамыз арқылы қазақстандықтарға елдің ортақ бағыты әрқайсымызға байланысты екенін еске салғымыз келді. Желкенді қайық үшін дұрыс бағытты таңдау қаншалықты маңызды болса, азаматтар үшін де өз таңдауын саналы түрде жасау соншалықты маңызды. Сондықтан 23 тамызда баршаңызды шет қалмай, дауыс беруге қатысуға шақырамыз».

Олардың сөздері бастаманың негізгі идеясын айқындайды: ортақ бағыт миллиондаған азаматтың шешімінен құралады және олардың әрқайсысының таңдауы маңызды.

23 тамызда қазақстандықтар жаңа бір палаталы Құрылтайдың депутаттарын алғаш рет сайлайды. «Құрылтай желкені» алға жылжу саналы таңдаудан басталатынын, ал елдің ортақ бағыты әрбір азаматтың шешіміне байланысты екенін еске салады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1338
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2911
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 990
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 921