Сейсенбі, 22 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 195 0 пікір 21 Қыркүйек, 2026 сағат 15:16

Бектенов «Таза Қазақстан» акциясы жөнінде кеңес өткізді

Сурет: Үкіметтің телеграм арнасынан алынды.

Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында берген тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 19 қыркүйекте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы кезінде берген тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

«Мемлекет басшысы атап өткендей, еліміз ауқымды өзгерістер дәуіріне қадам басты. Жаңа Конституция Озық Қазақстанды одан әрі дамытуда жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Қазірдің өзінде барлық салада ауқымды реформалар жүзеге асырылып жатыр. Жуырда ғана Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Үкімет алдына азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету, жоғары экологиялық мәдениет қалыптастыру, қалалық және республикалық маңызы бар жолдардың сапасын ең жоғары деңгейде қамтамасыз ету, сондай-ақ Астана қаласының Урбанистика орталығының тәжірибесін кеңінен тарату мәселелеріне қатысты бірқатар міндет қойды», - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр Президент тапсырмаларын тиісті бағыттар бойынша орындауға қатысты министрліктердің баяндамаларын тыңдады.

«Президент атап өткендей, мемлекет әлеуметтік міндеттемелерін мүлтіксіз орындап келеді. Ал қажетті әлеуметтік көмек тек шын мәнінде мұқтаж адамдарға ғана көрсетілетініне назар аудару керек. Министрлер мен әкімдер көрсетілген барлық бағыттар бойынша ауқымды жұмыс жүргізуі тиіс. Азаматтарға көрсетілетін көмектің түрлері туралы кеңінен ақпарат берілуі қажет. Өңірлерде әкімдіктер әлеуметтік жәрдемақы алушылар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуі керек», - деді Премьер-министр.

Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев экологиялық мәдениетті қалыптастыру жөніндегі жұмыстар бірнеше бағыт бойынша жүргізіліп жатқанын баяндады, олар – ақпараттық сүйемелдеу, жастар мен еріктілерді тарту, азаматтық бастамаларды қолдау және қоғамдық қатысуды дамыту.

2026 жылдың басынан бері экологиялық акцияларға 2 млн-ға жуық жас қатысты, 2 мыңнан астам жастар іс-шарасы өткізілді. Мемлекеттік қолдаумен ҮЕҰ-ның 60-қа жуық әлеуметтік жобасы, оның ішінде 34 экологиялық бағыттағы жоба жүзеге асуда. Бүгінде 3 қалада мамандандырылған эко-хабтар жұмыс істейді: Алматы, Астана және Қарағанды. Олар азаматтарды экологиялық күн тәртібіне жұмылдырудың тиімді құралы ретінде әрекет етеді. Волонтерлік қозғалысты дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы және экологиялық волонтерліктің жеке бағдарламасы әзірленуде. Күнделікті экологиялық әдеттерді дәйекті түрде қалыптастыру жөніндегі жұмыс күшейтілетін болады.

Жекелеген бағыт ретінде халыққа көрсетіліп жатқан ауқымды мемлекеттік қолдауды ақпараттық тұрғыдан жария ету жұмыстары жүргізілуде. Жұмысты одан әрі күшейту жөніндегі шаралар баяндалды.

Премьер-министр әлеуметтік қолдау, медициналық көмек және білім беру саласындағы кешенді жұмыс мәселелері халық арасында ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуді талап ететінін атап өтті. Сонымен қатар қоғамда жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру бойынша нысаналы ақпараттық жұмысты ұйымдастыру тапсырылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1362
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2948
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1015
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 954