Сенбі, 31 Қазан 2026
Жаңалықтар 519 0 пікір 24 Қыркүйек, 2026 сағат 16:54

Халық Кеңесінің мүшелеріне жалақы төленбейді...

Сурет: el.kz сайтынан алынды.

Халық Кеңесінің мүшелеріне жалақы төленбейді. Бұл туралы кеңес мүшесі Мұрат Әбенов айтты.

Ол Қазақстан Халық Кеңесінің жоғары конституциялық консультативтік орган екенін еске салды.

«Халық Кеңесінің мүшелері бұл жұмысты ақысыз атқарады, яғни жалақы алмайды. Бұл – толықтай қоғамдық негіздегі қызмет. Ішкі құндылықтарымызға, ұстанымдарымызға, көзқарастарымызға және адалдығымызға сүйене отырып, шынайы әрі сапалы жұмыс істеуге тырысамыз», – деді ол.

Айтуынша, кеңес мүшелері қандай да бір лауазым иеленбейді және мемлекеттік қызметкер болып саналмайды.

«Бізге арнайы кабинет те, қызметтік көлік те бекітілмейді. Әрқайсымыз өз қызметімізді қатар алып жүреміз», – деп атап өтті Әбенов.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1317
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1872