Жексенбі, 1 Қараша 2026
Жаңалықтар 650 0 пікір 24 Қыркүйек, 2026 сағат 17:17

Сарбаздар қазасы: Бозымбаев комиссияны басқарады

Сурет: Bizmedia.kz сайтынан алынды.

Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болу себептерін тергейтін үкіметтік комиссия құрылды. Комиссияға премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев жетекшілік етеді. 

Премьер-министр Олжас Бектенов Қанат Бозымбаевқа оқиға орнына шұғыл баруды тапсырды. Комиссия қайғылы жағдайдың себептерін анықтап, қаза болғандардың отбасыларына көмек көрсетуді ұйымдастыруы керек.

– Комиссия құрамына қорғаныс министрі, Маңғыстау облысының әкімі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, төтенше жағдайлар, денсаулық сақтау, еөлік министрліктерінің басшылығы, бас әскери прокурор, шекара қызметінің өкілдері кірді, – делінген үкімет хабарламасында.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар