Сенбі, 26 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 341 0 пікір 24 Қыркүйек, 2026 сағат 17:26

Сарбаздар қазасы: Баку Астанаға көңіл айтты...

Сурет: br.az сайтынан алынды.

Әзербайжан СІМ Каспийде қаза тапқан қазақстандық әскерилерге байланысты көңіл айтты...

Әзербайжан СІМ Каспий теңізінде Әскери-теңіз күштерінің жаттығуы кезінде қазақстандық әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты. Тиісті мәлімдемені Әзербайжанның сыртқы саяси ведомствосы жариялады.

«Қайғылы қазаға байланысты қабырғамыз қайысып отыр», - деді Баку.

Әзербайжан СІМ-і қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына, сондай-ақ Қазақстан халқы мен үкіметіне көңіл айтты.

«Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің Каспий теңізіндегі әскери жаттығулары кезінде әскери қызметшілердің қайғылы қазаға ұшырауына байланысты қабырғамыз қайысып отыр. Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына, сондай-ақ бауырлас Қазақстан халқы мен Үкіметіне терең қайғырып көңіл айтамыз. Алла тағала марқұмдарға мәңгілік тыныштық, ал олардың отбасыларына осы бір ауыр сәтте төзім мен сабыр берсін», — делінген хабарламада.

Ведомство жалғасып жатқан іздестіру-құтқару операциясы туралы да бөлек тоқталып өтті: «Әлі де із-түзсіз жоғалғандар тізімінде жүргендер аман-есен құтқарылады деп үміттенеміз, ал зардап шеккен әскери қызметшінің тезірек сауығып кетуін тілейміз», - деді.

Трагедия туралы не белгілі?

24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің жаттығуы кезінде әскери қызметшілерді теңізге ағызып әкетті. Қазақстан Қорғаныс министрлігінің алдын ала мәліметінше, бұл метеорологиялық жағдайдың кенеттен нашарлауы мен желдің күшеюі салдарынан болған.

Теңізге 19 әскери қызметші ағып кеткен. Тоғыз адам қаза тапты, үшеуі құтқарылды, олардың бірі ауруханаға жатқызылды. Қалғандарын іздеу жұмыстары жалғасуда.

Әскери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұдан бөлек, оқиғаның себептерін тексеру үшін үкіметтік комиссия құрылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1498
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3112
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1105
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1035