Сейсенбі, 6 Қазан 2026
Жаңалықтар 163 0 пікір 6 Қазан, 2026 сағат 16:14

Алматыда 9 қазаннан бастап жылу беріле бастайды

Сурет: rbc.ru сайтынан алынды.

Алматыда ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты жылыту маусымын әдеттегіден ертерек бастау туралы шешім қабылданды.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС мәліметінше, 9 қазаннан бастап қалада орталық жылу жүйесіне қосу жұмыстары басталады. Алдымен жылу әлеуметтік нысандарға — балабақшаларға, мектептерге және медициналық мекемелерге беріледі.

Тұрғын үйлерді орталық жылуға қосуды 10 қазаннан бастау жоспарланған. Жылу үйге берілгеннен кейін ПИК пен МИБ мамандары ішкі жылу жүйелерін реттейді. Олар радиаторлар мен тікқұбырлардағы ауаны шығарып, қысымды реттейді және жылудың пәтерлерге біркелкі таралуын қамтамасыз етуі тиіс.

— Жылу желілерінде туындауы мүмкін мәселелерге жедел ден қою үшін материалдар мен қажетті жабдықтардың қоры жасақталды. 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымында 16 апаттық және жөндеу бригадасы кезекшілік атқарады. Барлығы 220 маман мен 56 техника жұмылдырылады, — деп хабарлады «Алматы жылу жүйесі» ЖШС.

Еске салайық, бұған дейін Орал қаласында тұрғын үйлерге жылу беріле бастады.

Сондай-ақ Қызылорда қаласына жылу берілді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 849
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1138