Бейсенбі, 8 Қазан 2026
Әне, көрдің бе? 235 0 пікір 7 Қазан, 2026 сағат 14:29

Тыныс алу қиындаған аймақ: Біздегі ахуал қандай?

Сурет: goodfon.ru сайтынан алынды.

Қазақстан неге әлемнің ең лас 30 елінің қатарына енді?

Экологиялық мониторингпен айналысатын IQAir халықаралық компаниясының жарияланған жаңа жаһандық есебі қазақ елі тұрғындарын шынымен де қатты алаңдатты. Еліміз атмосфералық ауаның сапасы бойынша 143 мемлекеттің ішінде 29-орынға тұрақтады.

Патирот ретінде бұл көрсеткішке үнсіз қарау мүмкін емес. Есеп деректері көрсеткендей, Қазақстандағы аса қауіпті ұсақ дисперсті бөлшектердің ($PM2.5$) орташа жылдық концентрациясы бір жылдың ішінде бірден 55%-ға өсіп, 15,1-ден 23,4 мкг/м³-ге жетіп жығылды. Бұл — Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) қауіпсіз шекті нормасынан 4,7 есе артық деген сөз.

Бұл сансыз пайыз бен рейтингтің артында қарапайым халықтың денсаулығы, саны күнен-күнге артып келе жатқан аллергия, демікпе және жүрек-қан тамырлары аурулары тұр.

Қазақстандағы ең лас 10 өңір мен қала

Жалпы республикалық орташа көрсеткіш кейбір өңірлердегі шынайы экологиялық апатты жағдайды жасырып тұрғанын ашық айтуға тиіспіз. Сараптамалық деректер мен мониторинг нәтижелері бойынша ауасы ең лас қалалардың ондығы төмендегідей:

1. Қарағанды — көмір мен өнеркәсіптің шоғырланған орталығы. Мұнда $PM2.5$ концентрациясының көрсеткіші ең жоғары деңгейлердің бірінде қалып отыр (кей кезеңдерде нормадан ондаған есе асып түседі).

2. Алматы — тау бөктерінде орналасқан мегаполис. Автокөлік түтіні, көмірмен жұмыс істейтін ТЭЦ және табиғи жел айналымын бұғаттаған бейберекет биік үйлер қаланы тұрақты түрде смог тұзағына ұшыратады.

3. Теміртау — қара металлургия алыбының тынысы. Өндірістік шығарындылар қолайсыз метеорологиялық жағдайлармен (КМЖ) қабаттасқанда тұрғындарға тыныс алу мүлде қиындайды.

4. Астана — қыс мезгілінде көмір жағатын жеке сектордың көбеюі және автопарктің қарқынды өсуі елорда ауасын едәуір ластауда.

5. Өскемен — таулы қазаншұңқырда орналасқандықтан, түтін мен ауыр металл қалдықтары тарап кетпей, қала үстінде ұзақ сақталады.

6. Атырау — мұнай-газ секторының өндірістік әсері мен маңайдағы табиғи өрттер (қамыс өртені) атмосфераға айтарлықтай салмақ салады.

7. Ақтөбе — химия және өнеркәсіп орындары шоғырланған батыстағы ірі индустриялық түйін.

8. Шымкент — өсіп келе жатқан мегаполис, көлік кептелісі мен климаттың өзгеруіне байланысты жиілей түскен шаңды дауылдардың әсерін тартып отыр.

9. Сатпаев — тау-кен өндіру өнеркәсібі дамыған өңір, ауа сапасының тұрақты нашарлығымен ерекшеленеді.

10. Абай қаласы (Қарағанды маңы) — ескірген жылу жүйелері, көмір шаңы және ірі өнеркәсіпке жақын орналасуы экологиялық ахуалды ауырлата түскен аймақ.

Орталық Азия: ортақ экологиялық дағдарыс

Бұл проблема тек Қазақстанның ғана ішкі мәселесі емес, бұл — бүкіл Орталық Азия өңірінің ортақ эко-қасіреті болып саналады. Жергілікті климат пен географиялық ерекшеліктер жағдайды мүлдем ушықтырып тұр:

Тәжікистан жаһандық антирейтингте тіпті 3-орынға тұрақтады (PM2.5 көрсеткіші 57,3 мкг/м³). Таулы рельеф пен халықтың көмір және биомассаны жаппай жағуы ауаны шектен тыс ластауда.

Өзбекстан тізімде 10-орында (38,1 мкг/м³). Мәселен, Ферғана қаласында бұл көрсеткіш ДДСҰ нормасынан 14 есеге жуық асып түскен.

Қырғызстан 19-орынды иеленді. Бішкек қаласының қысқы маусымдағы қою түтіні мен көмірге тәуелділігі өңірдегі басты экологиялық дерттердің біріне айналды.

Дүниежүзілік банктің мәліметінше, өңірдегі ластанудың 50-80%-ы антропогендік факторларға (көлік, көмір жағу, өндіріс) тиесілі болса, қалған 20-50%-ы құрғақшылық пен топырақ эрозиясынан көтерілетін трансшекаралық шаңды дауылдарға байланысты болып келеді. Бұл дағдарыс өңір елдерінің ЖІӨ-сіне жыл сайын 3-5% көлемінде экономикалық зиян келтіріп отыр (негізінен халықтың денсаулығы мен медициналық шығындар арқылы).

Не істеу керек? 

Экологтардың бұған қатысты айтары: бізге шұғыл түрде кешенді жүйелі реформалар қажет:

ТЭЦ пен жеке секторды көмірден толық арылту: Қалаларды газификациялауды жеделдетіп, жаңартылатын энергия көздеріне көшу.

1.Өндірістегі экостандарттарды қатаңдату: Зауыт-комбинаттарды ең үздік қолжетімді техникаларға (НДТ) көшіріп, автоматты түрде онлайн режимде жұмыс істейтін шығарындыларды бақылау жүйесін орнату.

2.Қоғамдық көлікті дамыту: Ескі, сапасыз отынмен жүретін көліктерге шектеу қойып, эко-автобустар мен электр көліктерінің инфрақұрылымын күшейту.

3.Қалалардың «жасыл каркасын» сақтау: Табиғи жел коридорларын бұзатын бейберекет құрылысқа мораторий қосып, жасыл аймақтарды еселеп көбейту.

Таза ауа — бұл жай ғана жанға жайлылық емес, бұл ұлттың генофонды мен болашағының қауіпсіздігі болып та есептелінеді. Бұл дабылға дер кезінде құлақ аспасақ, зардабын болашақ ұрпақ тартытыны анық та, басы ашық жайт.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 875
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1173