Геосаяси теңдеу: Иран неге ТМД-ға бет бұрды?
Түркіменстан астанасы Ашхабадта өткен ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің саммитінде Иран Президенті Масуд Пезешкианның «ТМД+1» форматын құру туралы бастамасы — кейінгі жылдары посткеңестік кеңістік төңірегінде орын алған ең маңызды геосаяси жаңалықтардың бірі. Пезешкианның бұл саммитке арнайы қонақ ретінде қатысқан алғашқы Иран лидері болуының өзі Орталық Еуразиядағы күштер балансының қайта қаралып жатқанын аңғартады.
ТЕГЕРАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЕСЕБІ
Иранның ТМД сияқты өңірлік ұйыммен жақындасу ұмтылысы кездейсоқ емес. Бұл — үш негізгі фактордан туындаған қажеттілік:
«Солтүстік вектордың» басымдығы: АҚШ-тағы Дональд Трамп әкімшілігінің Иранға бағытталған экономикалық әрі әскери-саяси қысымы күшейген тұста Тегеран Батыс институцияларынан тыс балама іздеуге мәжбүр.
Көпвекторлы аймақтық дипломатия: Иран буған дейін ШЫҰ (Шанхай ынтымақтастық ұйымы) мен BRICS-ке толыққанды мүше болып үлгерді. Ендігі кезекте ол өзінің тікелей көршілері орналасқан, бұрын «Ресейдің ықпал ету аймағы» саналған посткеңестік кеңістіктегі позициясын бекіткісі келеді.
Қауіпсіздік белдеуін құру: Таяу Шығыстағы (Израиль мен Иран арасындағы, сондай-аш АҚШ-тың Иран төңірегіндегі белсенділігі) эскалация жағдайында Тегеран өз соғыс өртін бұғаттау үшін солтүстік шекаралары бойында бейтарап немесе серіктес мемлекеттердің тұрақты белдеуін қалыптастыруды көздейді.
«ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ХАБ» ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА
Пезешкианның сөзіндегі ең басты практикалық ұсыныс — Ближний Востокты (Жақың Шығысты) өндіріс, тасымалдау және энергия алмасу желісіне айналдыру. Мұның артында үлкен экономикалық мүдделер жатыр:
Ресей мен Орталық Азия мұнай, газ, электр экспорттау үшін Иранның Парсы шығанағы / Үнді мұхиты / Жақын Шығыс нарығындағы әбден қалыптасқан инфрақұрылымдарын пайдаланып қалу АҚШ қанша байбаламға салғанымен өз нәтижесін бермек.
ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ SWAP ОПЕРАЦИЯЛАРЫ
Ресей, Қазақстан және Түркіменстан — ірі энергетикалық державалар. Иран өзінің солтүстік провинцияларын газдандыру мен электрлендіру үшін ТМД елдерінен ресурстар алып, орнына бұл елдердің атынан Парсы шығанағындағы өз порттары арқылы әлемдік нарыққа мұнай мен газ тасымалдап бере алады (SWAP схемасы).
«СОЛТҮСТІК — ОҢТҮСТІК» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨЛІК ДӘЛІЗІ (INSTC)
Бұл жобаның негізгі күретамыры — Ресейден басталып, Каспий теңізі немесе Орталық Азия (Қазақстан-Түркіменстан) арқылы Иран порттарына (Чабахар, Бендер-Аббас), ары қарай Үндістан мен Оңтүстік-Шығыс Азияға шығу. «ТМД+1» форматы бұл логистикалық тізбектің кедендік және тарифтік кедергілерін жоюға мүмкіндік береді.
Иран бұл орайдағы негізгі мүддесі оқшаулануды (изоляцияны) бұзу, Солтүстік көршілермен сауданы арттыру, Өңірлік держава мәртебесін бекіту болғанымен алдымыздан айталап шығады. Ықтимал тәуекелдікте жоқ емес. Атап айтар болсақ – ТМД ішіндегі Батысшыл елдердің қарсылығы, Трамп санкцияларының қысымы.
ТМД ноқта ағасы болып табылатын Ресейдің бұл жағдайдағы негізгі мүддесі Батыс санкцияларын айналып өтетін оңтүстік маршрут ашып, Антибатыстық коалицияның аясын кеңейту екендігі де әмбеге аян.
Орталық Азия (оның ішінде Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан) негізгі мүдделері АҚШ билігі тиіп тұрған іргесіндегі мұхитқа шығатын ең қысқа төте жолды жауып тастауынан құтылу үшін Ресейдің шарасыздығын пайдаланып қалып, өз елі аврқылы дәліз аша отырып, Иран нарығына экспортты арттыруды сәтімен пайдалана алу. Осы жолдағы һәм қадамдағы Ықтимал тәуекелдері Екінші деңгейлі (secondary) АҚШ санкцияларына ілігу қаупі болып табалатындығын да есте ұстауға тіиіспіз.
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАН ҮШІН МАҢЫЗЫ
Қазақстан мен көршілес елдер үшін Тегеранның бұл қадамы екіұдай әсерге ие:
- Қазақстан-Түркіменстан-Иран теміржолы бұрынғыдан да өзекті бола түседі. Астана үшін Парсы шығанағы арқылы Таяу Шығыс пен Үндістан нарығына шығу — теңізге шыға алмайтын (landlocked) ел үшін стратегиялық жеңіс.
2.Астана мен Ташкент батыстық инвесторлармен және АҚШ-пен де жақсы қарым-қатынаста. Дональд Трамп әкімшілігі Тегеранға қатысты қатаң позиция ұстанып отырғанда, Иранмен тым жақын саяси блок құру Орталық Азия елдеріне «екінші деңгейлі санкциялар» қаупін төндіруі мүмкін. Сол себепті Орталық Азия бұл форматты саяси емес, тек экономикалық-прагматикалық шеңберде ұстауға тырысады.
ТОСҚАУЫЛДАР МЕН СЦЕНАРИЙЛЕР
«ТМД+1» форматының қаншалықты өміршең болатыны үш негізгі кедергінің қалай шешілетініне байланысты:
ТМД бұрынғыдай біртұтас ұйым емес. Молдова шығу процесін бастады, Армения Ресеймен қарым-қатынасын суытып жатыр. Мұндай іштей ыдырап жатқан құрылымға сырттан ойыншы қосу оның тиімділігін арттыра ма деген сұрақ ашық.
Тегеран мен Баку арасындағы геосаяси текетірес (Армения факторы және Зангезур дәлізі төңірегіндегі дау) ТМД шеңберіндегі шешімдердің бірауыздан қабылдануын қиындатады.
Трамп әкімшілігінің Иранға қарсы саясаты мен Таяу Шығыстағы соғыс барысы Теһеранның аймақтық бастамаларды қаржыландыру және жүзеге асыру мүмкіндігін шектеуі мүмкін.
Сөз түйіні: Масуд Пезешкиан ұсынған «ТМД+1» бастамасы — Теһеранның Еуразиялық материктегі геосаяси декұрылымдарды өз пайдасына қайта құруға бағытталған стратегиялық қадамы. Бұл формат толыққанды саяси одаққа айнала қоймағанымен, транспорт, логистика және энергетика саласындағы тар шеңбердегі прагматикалық жобаларды жүзеге асырудың тиімді алаңына айнала алады. ТМД елдері үшін ең басты міндет — Иран ұсынған экономикалық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, Батыстың санкциялық соққысына жығылып кетпеудің аражігін тең ұстау.
Әбіл-Серік Әліакбар
Abai.kz