Қырғызстанда шекарашылар жаппай ұсталды...
Қырғызстанда кеден және шекара қызметкерлері жаппай ұсталды, деп хабарлайды қырғыз БАҚ-тары.
«Кеше шекара және кеден қызметінің 15-ке жуық қызметкері ұсталды. Олар контрабанданы өткізіп, артынша ақша жинап отырған. Мен видеожазбаны көріп шықтым. Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) жасырын камера орнатқан екен, ол 15 күн бойы жұмыс істеген. Күн сайын бәрі конвейердегідей қайталанып отырған: жүргізуші кіреді, бір кеденші ақшаны алып қалтасына салады, содан кейін шекарашы да дәл солай істейді», - деді Баткен облысы Лейлек ауданының турғындарымен кездесуде Қырғызстан президенті Садыр Жапаров.
Сондай-ақ ол контрабандаға жол берілмеуі тиіс деген талап қойғанын және импортқа кедендік алымдар салынуы керектігін мәлімдеді.
«2020 жылы қызметке кіріскен сәттен бастап мен кеден және шекара қызметінің қызметкерлерінен елге контрабандалық тауарлардың кірмеуін талап етіп келемін. Импортталатын тауарлар үшін кедендік баж салығы төленуі тиіс. Бюджеттің өсуі, соның ішінде, осы түсімдер есебінен қамтамасыз етіледі. Егер әр ауылда контрабандамен айналысатын болса, мен экономиканы қалай дамытамын? Сонда сіздер сұрап отырған қаражатты қайдан бөлемін?» - деді Жапаров.
Abai.kz